«Булаев орман шаруашылығы» КММ-сі 2021 жылдың 1 маусымынан бастап кеспеағаштардан тыс қоқыстарды (қурап сынып жатқан ағаштарды) жинауға құжат жаздыртуды бастайды. Бұл орманда өткізілетін санитарлық-сауықтыру іс-шараларының бір түрі. Яғни бұл жағатын отын даярлау емес, орманды құлаған ағаш діңі мен бұталардан тазарту. Орманда құлаған 10 текше метр сүректі жинау үшін орман иеленушілері көрсеткен орындарда жаздырылған ағаш кесу билетіне сәйкес шамамен 20 га орман алаңын тазарту керек. Түбірінен құлатылған ағаш заңсыз ағаш кесу болып саналады және ол үшін ҚР ӘҚтК 381-1 «Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау» бапқа сәйкес айыппұл қарастырылған. Яғни ең басты шарт — ағаш жерде жату керек өлі болу керек. 1 текше метр ағашты жаздырту 122 теңгені құрайды. Жаздырту туралы қосымша ақпарат бойынша Булаев қаласы, Пушкин көшесі, 19 үй мекен жайы бойынша орталық кеңсеге жүгінуге болады.
Т.С. Әлімбаев,
«Булаев орман шаруашылығы» КММ
Конюхов орман шаруашылығының орман бастығы.