
Қазiргi уақытта адамзат қоғамдық санада экологиялық құндылықтардың басымдығын қалыптастыруға көп көңiл бөледi, өйткенi экологиялық проблемаларды шешудi, ең алдымен, жағдайды жақсы жаққа жақсарту үшiн, оның iшiнде планетамыздың су ресурстарына ұқыпты қарауды қалыптастыру үшiн қоршаған ортамен өзара iс-қимыл жасаудың жаңа тәсiлдерiн әзiрлеуден iздеу керек.
Үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл шеңберiнде СҚО әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының тапсырысы бойынша 2021 жылғы 20 мамырда Петропавл қаласының су объектiлерiнiң жағалау желiлерiн тұрмыстық қоқыстан тазарту бойынша «Таза жағалау» экологиялық акциясы өткiзiлдi. Биыл акция Халықаралық су қоймаларын тазарту күнiне орайластырылған (ТМД елдерiнде дәстүрлi түрде маусымның бiрiншi жексенбiсiнде атап өтiледi).
Акция барысында Пестрое көлiнiң жағалауы және Есiл трансшекаралық өзенi тұрмыстық қоқыстан тазартылды, акцияға Петропавл қаласының колледждерiнен 100-ден астам оқушы қатысты. 2 тоннаға жуық қалдық шығарылды. Акцияға қатысушылар дипломдармен және естелiк сыйлықтармен марапатталды. Бiрiншi орынды кәсiби-педагогикалық колледж иелендi — 546 кг қоқыс жинады, екiншi орынды машина жасау колледжi — 365 кг, үшiншi орынды М.Жұмабаев атындағы Жоғары колледж — 307 кг жиналған қоқыс сұрыптауға жiберiлдi, қалдықтардың пайдалы фракциялары қайта өңдеуге берiлетiн болады.
Мұндай акциялар бiздiң аймақтың су объектiлерiнiң жағалаулық белдеулерiнiң ластану проблемасын толығымен жоймайды, бiрақ қоғамды экология проблемаларына тартуға, саналы әлеуметтiк маңызды және экологиялық сауатты iс-әрекеттер жасауға дайындықпен белсендi өмiрлiк ұстанымы бар азаматтардың қалыптасуына ықпал етуге, су ресурстарын бастапқы күйiнде сақтауға және олардың ластануына жол бермеуге ықпал етедi.
Су ресурстарын пайдалануды реттеу және
табиғатты қорғау бағдарламалары
бөлiмiнiң бас маманы А. Славный