Әр елдiң ұлттық байлығы, бiрiншi кезекте, табиғи ресурстардың болуымен анықталады. Қазақстан үшiн бiр байлық көзi — орман.
Орман байлығын сақтау және көбейту — мемлекет пен орман шаруашылығы саласының алдында тұрған басты мақсаты!
Сондықтан, басқару органдарына және орман пайдаланушыларға жүктелеген маңызды мiндеттер — орманды қалпына келтiру, орман өсiмдiктерiмен жабылған жерлер мен орман екпелерiнiң жай-күйiнiң нашарлауына жол бермеу.
Ормандарды сақтау және көбейту үшiн, өңiрдiң орман шаруашылығы мекемелерi оларды молықтырумен айналысады. Орманды молықтыру — бұл орман дақылдарын өсiру немесе орманның табиғи түлеуiне жәрдемдесу, оның iшiнде орманды күту және сауықтыру шаралары.
«Мамлютка орман шаруашылығы» КММ жұмыстарының қорытындысы бойынша 26,3 га алаңында көктемгi орман екпелерiн отырғызды, 54 га жерде орман дақылдарын толықтыру жүргiзiлдi. Сонымен қатар орман тәлiмбағының мектеп бөлiмiнде қарағай, шырша, қайың, шетен, долана көшеттерi отырғызылды. Орман тәлiмбағы периметрi бойынша терек және тал қаламшалау жүргiзiлдi.
«Мамлют орман шаруашылығы» КММ
орман өсiру инженерi Косоурова П.С.