
«№2 Булаев орта мектебi» КММ-нiң оқушылары «Булаев орман шаруашылығы» КММ-мен бiрлесiп, «Таза табиғат» ұлттық экологиялық жобасын iске асыруға қосылды.
«№2 Булаев орта мектебi» КММ-нiң мектептiк орман шаруашылығы 10 жылдан астам уақыт бойы «Булаев орман шаруашылығы» КММ-мен қызмет жасап, аумақтарды тазалау, ландшафтарды көгалдандыру мен абаттандыру, орман тұқымдары материалдарын отырғызу, құс үйшiктерiн дайындау мен орнату, су қоймаларын тазалау, табиғатты аялау тақырыбындағы жадынама әзрлеу мен тарату сияқты жұмыстар бойынша жыл сайын бiрлескен экологиялық акциялар өткiзiп келедi.
Биыл да бұл игi iстер жалғасын тапты. Мектеп жанындағы учаскеде орман және орманның жемiс-жидек түрлерiнiң көшеттерi мен бұталарын отырғызу үшiн орман тәлiмбағы ашылды.
11-шi сынып оқушыларының мектепте «Түлектер аллеясына» ағаш көшеттерiн отырғызу дәстүрге айналған игi iс. Биыл да түлектер аңшылық жүргiзушi А.В. Шитовпен, орманшы инспектор В.В. Поротниковпен, директордың орынбасары И.Ю. Горбачевпен бiрге ағаш көшеттерiн отырғызды. Бәлки, бiрнеше жылдардан кейiн туған мектебiне оралған түлектер өздерi отырғызған аққайынның жайқалғанын көрiп, қуанар шығар.
7-шi сынып оқушылары «Орман жасағы» үйiрмесiнiң жетекшiсi Л.В. Ткаченко балалар ойнау алаңы маңындағы аумақты абаттандырып, бөрiқарақат бұталарының аллеясын отырғызды.
Булаев мекемесi директорының орынбасары И.Ю. Горбачев мектептiк орман шаруашылығы мүшелерiн орман баййлығын қалпына келтiру мен молықтыруға бағытталған ағаш отырғызу бойынша экологиялық акцияға қатысуға шақырды. Мектеп ұстаздары мен оқушылары бұл ұсынысқа ерекше құлшыныс танытты, өйткенi аталған игi iс өте жауапты әрi қажеттi шара.
Ағаш отырғызу — елдiң, жалпы әлемнiң экологиялық жағдайын жақсартады. Сондай-ақ мұндай акциялар мектеп оқушыларын мәдениетке, табиғатты аялауға, оны қорғау мен сақтауға үйретедi. Мен бұл үйiрмеге екi жыл бойы қатысып келемiн және ағаш отырғызып, қоршаған ортаға үлкен құрметпен, махабатпен қараған адам, оған әрқашан қамқорлық танытатынына сенiмдiмiн. Барлық жас ерiктiлермен нұсқаулық өткiзген орманшылар ағаш отырғызу iсiн бақылап қана қоймай, оқушылармен бiрге атсалысты. Себебi, орманның маңызы мен бағасы өте үлкен.
«Таза табиғат» республикалық экологиялық жобасы ерiктiлердi бiрiктiргенi сөзсiз: оқушылар орманшылармен бiрге жұмыла жасыл желектер отырғызып, елдiң экологиялық жағдайын жақсартуға арналған ортақ iске өз үлестерiн қосты.
«Таза табиғат» жобасы жасасын!
Таза табиғат — денi сау адамзат!
Регина ТКАЧЕНКО,
«Мектеп дауысы» газетiнiң жас тiлшiсi,
7- шi сынып оқушысы