
2021 жылдың 29 сәуiрiнен бастап "Аққайың орман шаруашылығы" КММ-де орман дақылдары жұмыстары жүргiзiлуде (орман дақылдарын отырғызу, өткен жылдардағы орман дақылдарын толықтыру). Орман отырғызу орман өсiруге жарамды учаскелерде алдын ала жасалған орман екпелерiнiң жобалары бойынша жүргiзiледi. 2021 жылға орман екпелерiн отырғызу жоспары — 74 га, орман екпелерiн толықтыру жоспары — 95 га құрайды. Отырғызу материалы — КММ тұрақты тәлiмбағында өсiрiлген салбыраған қайыңның көшеттерi пайдаланылады.
Орман өсiру жұмыстары үш орманшылықта жүргiзiледi: Аққайың, Бестерек, Қаратомар. Жұмыс басталар алдында барлық жұмыскерлермен қауiпсiздiк техникасы бойынша нұсқаулық өткiзiлдi. Аспалы жабдығы бар 5 МТЗ-82,1 тракторы (ПКЛ-70 соқасы, СЛН-1 ағаш отырғызу машинасы), 39 адам орман күзетi қызметкерлерi мен КММ маусымдық қызметкерлерi жұмылдырылды. Бүгiнгi күнi 43,7 га алаңға орман дақылдарын отырғызу, 95 га орман дақылдарын толықтыру жүргiзiлдi, 124 мың дана қайың көшеттерiн отырғызу материалдары жұмсалды.
Орман өсiру жұмыстары жалғасуда.
Орман қорғау инженерi
Нұрғалiмов Тлек Жалелұлы