«Таза табиғат»

«Таза табиғат»

Ағымдағы жылдың 22-шi сәуiрiнде «Қызылжар орман шаруашылығы» КММ мамыр мерекелерi қарсаңында «Таза Табиғат» ұлттық экологиялық жобасын iске асыруға кiрiстi. Жергiлiктi деңгейдегi атқарушы органның өкiлдерiмен бiрге бiрқатар елдi мекендерде елдi мекендердi, мектеп аумақтарын көгалдандыру, жағалау белдеуiн тазарту бойынша акциялар ұйымдастырылды. Акцияларға қоғам (ерiктiлер), мемлекеттiк мекеме, жергiлiктi атқарушы органның өкiлдерi, мектеп орман шаруашылығының мұшелерi — оқушылар қатысты. Қазақстанның оңтүстiгiнде жалпыұлттық жоба Наурыз мейрамы қарсаңында наурыз айында басталып, Қазақстанның басқа аймақтарында осы күнге дейiн жалғасуда. Бұл ел Президентi Қ.Тоқаевтың орман қорына 2 миллиард, қалаларға 15 миллион ағаш отырғызу туралы тапсырмасының орындалуы болды.

«Бұл менiң ағашым» акциясы аясында Боголюбов орта мектебiнiң оқушылары (мектептiң орман шаруашылығы құрамында) 15 ағаш отырғызды (5 қарағай және 10 қайың), 20 адам тартылды.

«Мекенiм — жасыл елiм» акциясы бойынша Новокаменск орта мектебiнiң жеке учаскесiне 5 қайың және 3 қарағай отырғызылды, акцияға 14 адам қатысты. Архангельск орта мектебiнде де мектеп алаңына 8 ағаш отырғызылды, оның iшiнде: 5 қайың, 3 қарағай, 13 адамның қатысуымен. Знаменская орта мектебiнде 10 қайың, 5 қарағай жеке учаскеге отырғызылды, 8 адам қатысты.

Бескөл ауылында орман күзетшiлерiнiң күшiмен, жергiлiктi атқарушы органның, оқушылардың және Есмакан Махметов көшесiнiң тұрғындарының қатысуымен, 18 жылдан астам уақыт орман шаруашылығында жұмыс iстеген, 1969 жылы жаңажылдық науқан кезiнде қарағай плантацияларын қорғау — қызметтiк мiндетiн орындау кезiнде қайғылы қаза тапқан, Пригородный мехорман шаруашылығының № 17 шеберлiк учаскесiнiң учаскелiк -орманшысы Есмақан Махметовтың атындағы көшесiн абаттандыру жұмыстары жүргiзiлдi, отырғызуға 25 адам қатысты.

«Жағалық белдеудi тазарту» акциясы аясында резервтiк су қоймаларында тәртiп орнатылды: «Тұз», «Широкое», «Подковная старица», «Лог старица» «Черепково», 12 адам қатысты.

24.04.21 Жеңiс саябағын абаттандыру болады, жәнеде ағымдағы жылдың маусым айының 3-шi онкүндiгiнде 10 адамнан тұратын орманды қорғау күштерiмен Сосновский орманшылығы аумағында республикалық маңызы бар «Сосновый Бор» табиғи ескерткiшiн абаттандыру және тазарту бойынша iс-шаралар жоспарланған.

Мұндай iс-шаралар жас ұрпақты экологиялық мәдениетке баулиды, олардың жауапкершiлiгiн арттырады және табиғатқа деген құрметтi қалыптастырады, экология және флора мен фаунаның биоәртүрлiлiгiн сақтау мәселелерiне бей-жай қарамайтындар саны артып келедi.

«Қызылжар орман шаруашылығы»
КММ директор орынбасары –
Әмiрбек Атығайұлы Тоққожин