Көктемгi аң аулаудың ашылуы

Көктемгi аң аулаудың ашылуы

4 жылдан кейiн көктемгi аң аулау ашылды, 2017 жылдың көктемiнен бастап оған тыйым салынды. Аң аулауға еркек құрлары мен жабайы үйректердiң кежектерi (Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген түрлерден басқа) рұқсат етiледi. Аң аулау 2021 жылғы 24 сәуiр мен 8 мамыр аралығында күн шапағынан басталады.

Аң аулауды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын аң аулау қағидаларын ұстанған жөн, оған сәйкес әуесқойлық (спорттық) аң аулау аңшыда мынадай құжаттар болған кезде жүзеге асырылады: аңшы куәлiгi; аңшылық шаруашылығы субъектiсiнiң жолдамасы; аңшылық атыс қаруын қолдана отырып аң аулау кезiнде — жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға және алып жүруге рұқсат; аушы жыртқыш құстармен аң аулау кезiнде — аушы жыртқыш құстың паспорты.

Көктемгi аң аулауда үйректер кежектерiн, еркек құрларды аулау тиiстi аңшылық шаруашылығы субъектiсiнiң қорықшысының қатысуымен жүргiзiледi.

Аң аулау ережелерiнде көрсетiлген кейбiр тыйымдарды есте ұстаған жөн, оған сәйкес аң аулауға тыйым салынады:

елдi мекендердiң жерлерiнде, сондай-ақ оларға iргелес аумақтарда аң аулау қағидаларына сәйкес аңшылық атыс қаруын қолдану қауiпсiздiгiн қамтамасыз етпейтiн қашықтықта;

уәкiлеттi органның рұқсатынсыз өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерлерiнде;

жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсатта немесе жолдамада көрсетiлген жануарлар санынан артық;

жолдамада көрсетiлмеген жануарлардың басқа да түрлерi;

үйректiң көктемгi аң аулау кезiнде жалған үйрексiз немесе жануар тұлыбынсыз;

демалу аймақтарында және көбею учаскелерiнде.

Аңшылық шаруашылығы үшiн зиянды қарғалар, сауысқандар, құзғын қарғалар сияқты құстар және қаңғыбас иттер жануарларды аулау аң аулауға берiлген рұқсат қолданылатын аңшылық шаруашылығы субъектiсiнiң аумағында жануарлардың басқа түрлерiн (авиа-, автомото-, көлiк құралдарын, оның iшiнде қарда жүретiн техниканы қолданбай) аулау кезiнде жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсатты талап етпейтiнiн атап өткен жөн.

Аңшылық алқаптарда қоқыс қалдыруға болмайды, сондай-ақ өртке қарсы қауiпсiздiк ережелерiн сақтау қажет.

Солтүстiк Қазақстан облысының
әкiмдiгi табиғи ресурстар және
табиғат пайдалануды реттеу
басқармасының бас маманы