Халықаралық әйелдер күнiмен!

Халықаралық әйелдер күнiмен!

8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күнiне орай, «Булаев орман шаруашылығы» КММ қызметкерлерi орман шаруашылығы саласында көп жыл бойы еңбек етiп, аталмыш саланың дамуына үлкен үлес қосқан зейнеткер әйелдермен кездестi. Көктемнiң шырайлы мерекесiнде мекеме ұжымы нәзiк жанды әйелдердi құттықтап, гүл шоқтарын сыйлады. Сондай-ақ мереке күнi мекемеде жұмыс iстеп жатқан әйелдер қауымы да назардан тыс қалмады, ер азаматтар iзгi тiлектерiн жеткiзiп, естелiк сыйлықтарын табыс еттi.

«Булаев орман шаруашылығы» КММ ұжымы барша әйелдердi 8 Наурыз мерекесiмен құттықтап, дендерiне саулық, отбасыларына амандық пен бақыт, еңбектерiне табыс тiледi.

«Булаев орман шаруашылығы» КММ
әкiмшiлiгi