Мемлекеттiк орман күзетiнiң жалпы саны — 580 адам, оның iшiнде адамзаттың әдемi жартысының 19 өкiлi табиғатқа деген сүйiспеншiлiкпен бiрiктiрiлген.
Орман жұмысшысының мамандығын барлығы ер адамдардiкi деп санайды, бiрақ ер адамдармен қатар «орман» мамандықтарын игерген әйелдер де жұмыс iстейдi.
Орман шаруашылығындағы әйелдер әртүрлi лауазымдарды атқарады: олар орман шеберi, орманды күзету және қорғау инженерi, орман өсiру және орманды молықтыру инженерi, құрылымдық бөлiмшелердiң басшылары. Әйелдер өздерiнiң күнделiктi еңбектерiмен ер адамдардан еш кем емес екенiн дәлелдедi, кейде жұмыс орындарында олар керемет шыдамдылық пен кәсiбилiк көрсете отырып, ең күрделi өндiрiстiк мiндеттердi шешедi.
Орман қорына мониторинг жүргiзу, орман өнiмдерiн босатумен айналысу, орман тәртiбiн бұзушыларды анықтау, отырғызу материалын өсiру және орман ортасына жас көшеттер отырғызуға басшылық жасау және орманшылықтар ұжымдарын басқару әйел адамдар орман шаруашылығында айналысатын мiндеттердiң негiзгi шеңберi осы. Егер маман айналысып жатқан iстi сүйетiн болса, оның ер немесе әйел адам екенi маңызды емес. Әдемi жартысында орман қорғау және орманды қалпына келтiру және орман өсiру инженерлерi сияқты мамандықтар басым. Әсiресе, орман питомниктерiнде әйелдердiң назарын аудару керек, онда әр көшет нәресте сияқты күтiмдi қажет етедi.Бiздiң жасыл киiмдердегi батыр аруларымыз көп жылдар бойы орман шаруашылығында жұмыс iстедi, мысалы, бiрнеше мемлекеттiк орман шаруашылығында ондаған жылдар бойы адал еңбек еткен бас орманшы-әйелдер, бiздiң саланың ардагерлерi Мамлют ауданынан Вера Павловна Черкасова, Жамбыл ауданынан Надежда Александровна Жевнодей, М.Жұмабаев ауданынан Нина Ванифантьевна Лобанчук және Басқарманың орман шаруашылығы бөлiмiнiң басшысы Сәуле Есмақанқызы Сүлейменова, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесi инспекциясының басшысы Роза Есмақанқызы Тiлеуова, олар ер адамдардың жұмысы деп танылатын өз лауазымдарын көптеген жылдар бойы үздiк атқарған. Олардың белсендi қатысуынсыз бiрде-бiр iс-шара өтпедi, азаматтардың өтiнiштерiнен бастап әкiмшiлiк ғимараттарды жөндеуге дейiнгi түрлi мәселелер шешiлдi. Олардың еңбегi Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесi комитетiнiң грамоталарымен және ведомстволық наградаларымен, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң грамоталарымен және алғыс хаттарымен бiрнеше рет атап өтiлдi.
Орман шаруашылығы ардагерлерiнiң ең үздiк еңбек дәстүрлерiн жас ұрпақ лайықты жалғастыруда, осы саланың мамандары — орман мен қоршаған ортаға қамқорлық жасау өмiр бойы iске айналған адамдар.
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы Марина Геннадьевна Подоксенованы, «Соколов орман шаруашылығы» КММ орман молықтыру және орман өсiру инженерi Зада Досжанқызы Аманжолова мен Наталья Александровна Евсюкованы, «Мамлют орман шаруашылығы» КММ орман молықтыру және орман өсiру инженерi Косоурова Полина Сергеевнаны, «Есiл орман шаруашылығы» КММ орман ресурстары инженерi Евгения Юрьевна Здоровецтi атап өткiм келедi, «Қызылжар орман шаруашылығы» КММ орман шеберлерi Ковзалова Юлия Григорьевна, «Орлиногор орман шаруашылығы» КММ орман қорғау инженерлерi Сакенова Гульфия Вахитовна. Орман байлығын сақтау және көбейту мәселелерiн шешу бұрынғыдан да өзектi, бiз ормандарды қорғау мен қалпына келтiрудi тек ортақ күш-жiгермен қамтамасыз ете аламыз. Орман шаруашылығы қызметкерлерiнiң маңызды мiндеттерiнiң бiрi-орманда жұмыс iстеу беделiн қайтару. Өйткенi, орман қызметшiлерi табиғатты қорғаушылар мен сақтаушылар болып табылады. Бүгiнде мемлекеттiк орман шаруашылықтарында жаңа технологиялар енгiзiлуде, перспективалы жобалар iске асырылуда және т.б. орман шаруашылығы қызметкерлерiнiң үйлесiмдi жұмысының арқасында олардың басты мiндетi өңiрдiң орман байлығын сақтау және толықтыру болып табылады.
«СҚО әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» орман шаруашылығы және ЕҚТА бөлiмiнiң маманы С.Е. Сүлейменова
Байланыс телефондары: 8(705)7547020 немесе жұмыс тел 8(7152)533645