Қазiргi уақытта адамзат алдында келе жатқан экологиялық апат пен табиғи ресурстардың қымбаттауы аясында экологиялық таза су ресурстарын ұтымды пайдалану проблемасы маңызды болып тұр. Бұл проблема планетаның тұрғындары үшiн су тұтынуды оңтайландыру жолдарын iздестiре отырып, су ресурстарын жұмсауды мұқият қарауға ынталандыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының аумағында су ресурстары тұтастай алғанда елдiң экономикалық және әлеуметтiк дамуының маңызды факторларының бiрi болып табылады. Өндiрiстiк күштердi, ең алдымен суды көп қажет ететiн өндiрiстердi дамыту мен орналастырудың бағыттары мен ауқымы су ресурстарымен қамтамасыз етiлуiне және олардың жай-күйiне байланысты.
Қазақстан аумағы бойынша жер үстi су ресурстары бiркелкi бөлiнбеген және көп жылдық және жыл iшiндегi айтарлықтай динамикамен сипатталады. Елдiң климаттық ерекшелiктерiне байланысты жер үстi көздерiнiң барлық дерлiк ағындары көктем мезгiлiне келедi. Бұл, сондай-ақ сумен жабдықтаудың трансшекаралық көздерiне тәуелдiлiк өңiрлердiң су ресурстарымен бiркелкi қамтамасыз етiлмеуiне себеп болады. Iс жүзiнде елдiң бүкiл аумағында су ресурстарының жетiспеушiлiгiнен және су көздерiнiң ластануынан туындаған шиеленiскен су шаруашылығы жағдайы орын алып отыр, ол экономикалық өсу кезеңiнде ең жоғары деңгейге жеттi, сонымен қатар су шаруашылығы жүйесiн ұтымсыз пайдалану да орын алып отыр.
Республикада су тапшылығын жою жолдарының бiрi суды көп қажет ететiн өндiрiстердi дамыту қарқынын азайту және өнеркәсiпте, ауыл және коммуналдық шаруашылықта қазiргi заманғы су үнемдеу технологияларын енгiзу жөнiндегi iс-шаралар кешенiн iске асыру болып табылады. Бұл жағдайда су ресурстарын үнемдеудiң маңызды резервi, әсiресе өнеркәсiпте, айналмалы сумен жабдықтау болып табылады. Оны енгiзу кезiнде су алу 5-10 есе төмендеуi мүмкiн, сәйкесiнше ағызу да азаяды. Айналмалы сумен жабдықтауды қолдану салалары айтарлықтай кең таралған және жыл сайын олар кеңеюде. Олардың негiзгiлерi металлургия, энергетика, машина жасау, целлюлоза-қағаз өндiрiсi, тамақ өнеркәсiбi болып табылады.
Айналымдық сумен жабдықтауды пайдалану кезiндегi негiзгi артықшылық өңiрдiң су ресурстарына антропогендiк жүктеменiң айтарлықтай төмендеуi, сондай-ақ су ресурстарын тасымалдауға арналған шығыстардың қысқаруы болып табылады, өйткенi айналымдық сумен жабдықтау жүйелерiн құру және енгiзу, алыс өзендерден, көлдерден, су қоймаларынан алыс қашықтықтарға су айдамай, өзiнiң тазартылған ресурсын пайдалануға мүмкiндiк бередi. Нәтижесiнде сорғы станцияларын орнатуға, қызмет көрсетуге, энергиямен қамтамасыз етуге қаражат үнемделедi.
Су ресурстарының адам дамуының әртүрлi аспектiлерiне және адамзаттың суға қол жетiмдiлiгiне әсерiнiң көп факторлы әсерiн талдау және бағалау су ресурстары кез келген елдiң орнықты дамуының негiзi екенiн көрсетедi. Сондықтан, адам дамуы үшiн суды тұрақты пайдалану стратегиясын әзiрлеу мiндетiн шешу өте маңызды. Тұрақты су пайдалануды қамтамасыз ету елдiң әлеуметтiк-экономикалық даму перспективаларын және оның қазiргi және болашақ ұрпақтардың лайықты өмiр сүру жағдайларын жасаудағы мүмкiндiктерiн айқындайтын болады.
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және табиғатты қорғау бағдарламалары
бөлiмiнiң бас маманы А.Ю. Славный