Құтыру ауруының алдын алу

Құтыру ауруының алдын алу

Құтыруды алдын алу

Құтыру адамдарға бұрыннан мәлiм, бiрақ заманауи медицинаның барлық жетiстiктерiне қарамастан ол бұрынғыша емделмей ауру ретiнде қалып отыр. Құтырудың қоздырғышы ауру жануардың сiлекейiнде болатын Rabies lyssavirus атты өзiндiк вирус болып табылады.

Мағжан Жұмабаев ауданының аумағы құтырудың белсендi табиғи ошағында орналасқан. Түлкiлер мен қарсақтар құтыру вирусының белсендi таратушы болып табылады, олар вирусты елдi мекендер әкелiп, ауыл шаруашылығы жануарларын, иттер мен мысықтарға жұқтырады. Бұл өз кезегiнде адамдарға жұқтыру тәуекелiн арттырады. Жұқтыру негiзi қапқан, терiнi тырнаған, жарақаттаған кезде жануар сiлекейiнiң жараға және де көздiң, мұрынның, ауыздың зақымданбаған шырышты қабығына түсуiнен болады. Сондай-ақ жануардың сiлекейi тиген заттарды ұстаған кезде де жұқтыруға болады.

Ауру жануарда судан қорқу, сiлекейiнiң ағуы, агрессия, сал сияқты құтырудың айқын сипатты белгiлерiнен тануға болады. Иттер аурудың алғашқы күндерi белсендi болмайды, тамақтан бас тартып, үйден қашып кетуi мүмкiн. Содан кейiн қоздыру кезеңi келiп, сол кезде олар адамдарға мен жануарларға шабады, су iше алмай, себепсiз үрiп, дауысы қарлығады.

Мысықтар керiсiнше, аурудың алғашқы күндерi агрессивтi болып, адамдарға бас салады. Ауру түлкiлер адамдарға жиi шығып, агрессияға берiлмейдi, қолға жеңiл түседi. Ауру жануарларда қоздыру кезеңi қимыл функцияларының бұзылумен және сал ауруымен алмасады. Кейбiр жағдайларда құтыру кезiнде агрессия, судан қорқу, сiлекейi ағу мүлдем болмайды, бiрақ сал ауруы дамиды. Жануар демалу салынан және жүрек қызметiнiң әлсiреуiнен өледi.

Құтыруды жұқтырудың алдын алу үшiн ауру белгiлерi бар жануарларды қабу, тырнау, сiлекейiнiң ағуын алдын алу бойынша шаралар қолдану қажет. Аңшылар ауланған жануарлардың терiсiн алған кезде сақ болуы керек, қорғалмаған қолдармен құтыру белгiлерi бар немесе жүрiс-тұрысы өзгеше жануарларды ұстауға болмайды. Аңшылардың иттерiне мiндеттi түрде құтыруға қарсы егу жасалынып, иттiң төлқұжатына егу туралы жазба жазылады.

Құтыруды алдын алу кезiнде қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын қысқарту бойынша шаралардың маңызы зор. Егер Сiздi үй немесе жабайы жануарлар қапса, тырнаса, тез арада жарақталған жердi сабынды сумен жуып, 70% спиртпен немесе 5% йод тұнбасымен жараның айналасын өңдеп, лезде жақын арадағы медициналық пунктке жүгiну керек. Онда алдын алу егу курстары өткiзелетiн болады.

Күзгi-қысқы аңшылық маусымы аяқталуға жақын екенiн еске салғым келедi. Естерiңiзде болсын, аңшылық ережесiн бұзғаны үшiн елiмiзде әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiк қарастырылған.

Шитов А.В.
«Булаев орман шаруашылығы» КММ аңшылық жүргiзушiсi