Қарағай конустарын жинау уақыты

Қарағай конустарын жинау уақыты

Қарапайым қарағай конустарын орман күзетi қолмен жинайды. Конустарды жинау және жинау маусымы тұрақты аяз кезiнде, әдетте, әр жылдың қазанайынан наурыз айына дейiн басталады. Қарағай тұқымына суық ауа райы жақсы әсер етедi, конус ашық емес, демек ол өнiмдi бередi. Оның конустарды жинаудан бастап тұқымдарды сақтауға дейiнгi өзiндiк арнайы технологиясы бар. Тұқым шығару — бұл баяу процесс және қолмен жұмыс жасауды қажет етедi, ал өнiмдiлiк шамамен 1 пайызды ғана құрайды, мысалы бiр тонна конустың iшiнен ең жақсы жағдайда 10 килограмм тұқым шығады.

«Орлиногор орман шаруашлығы» КММ-де Орлиногор орманшылығының жылдық жоспар 1000 кг құрайды. Орман шаруашылығы қызметi жақсартылған қарағай өсетiн конусты жинайды. Биылқарапайым қарағай конустарының өнiмi өте аз, бұл конустарды жинау процессiн қиындатады. Бiрақ бұған қарамастан, орман шаруашылығын орман қүзетшiлерi қарапайым қарағайларының қажеттi санын жинауға күш салуда. Бүгiнгi күнi орман шаруашылығында 600 кг қарағай конусы жиналды және қолданыстағы шарттарға сәйкес конус жинау жалғасуда.

Орлиногор орманшылығының құрылым
бөлiмшесiнiң басшысы Е.А. Бекмағамбетов