Облыс көлдерiнде аэрация жұмыстары жүрiп жатыр

Облыс көлдерiнде аэрация жұмыстары жүрiп жатыр

— Облыс аумағында орналасқан кейбiр көлдердегi ақ ұлпаның қалыңдығы биыл 80 см-ден асады. Бұл өз кезегiнде су астындағы оттегiнiң тиiстi деңгейде таралуына керi әсерiн тигiзедi. Сол себептi, балықтарға үлкен ыңғайсыздық тудырады. Бұл мәселенiң ең тиiмдi шешiлу жолы бұл аэрация жасау.

Қызылжар ауданы Пресновка ауылының маңында орналасқан «Пруд» көлiнiң аумағы 50 га. Бұл жерде көбiне мөңке балығы мекендейдi. Қазiргi таңда судың астындағы оттегiнiң деңгейi 1,2 пайызды құрап отыр. Мамандардың сөзiнше бұл өте аз. Осының салдарынан су жәндiктерiне ауа жетiспейдi. Осыған байланысты мамандар көлдердi жасанды жолмен оттегiмен байытуға кiрiстi. Бұл әдiс — аэрация деп аталады.

СЕРГЕЙ БРЮХОВ, СОКОЛОВ МЕМЛЕКЕТТIК ОРМАН МЕКЕМЕСIНIҢ АҢШЫСЫ:

— Аэрация үшiн моторлы бұрғылар, мотосорғылар, аэраторлар және судағы оттегiнi өлшейтiн басқа да жабдықтарды қолданамыз. Қазiргi таңда көлдегi жұмыстарға  орман күзетiнен 5 адам, жергiлiктi елдi-мекеннiң 3 балықшысы және 5 техника жұмылдырылған. Аэрациялау қаңтар айының ортасынан басталып наурызға дейiн атқарылады.

Соколов мемлекеттiк мекемесiнiң резервiнде дәл осындай 23 су қоймасы бар. Ал, облыс бойынша олардың саны 500-ге жуық. Соның 300-ден астамы жалға берiледi. Облыстық  табиғи ресурстар  және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы өкiлдерiнiң сөзiнше көлдердi жалға алып, аэрация жасамағандар жауапкершiлiкке тартылады. Ал, балықтардың қырылуына жол берген жағдайда олармен жасалған келiсiмшарт бұзылады.

ЕРЛАН ТӘШIМОВ СҚО ТАБИҒИ РЕСУРСТАР  ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  БӨЛIМ ЖЕТЕКШIСI:

— Ақ балық, шортан, алабұға бар көлдерге мiндеттi түрде аэрация жасау қажет.  Жалпы бұл жұмыстарды көлдердi жалға алушылар, ал резервтiк су қоймаларында жергiлiктi атқарушы органдардың көмегiмен жүзеге асырылады. Суды оттегiмен жасанды жолмен байытуға жаз мезгiлiнде резервтi қоймаларда балық аулайтын балықшылар да волонтер ретiнде көмек бередi.

Су қоймаларындағы ауа мөлшерi тұрақты түрде бақыланып отырады. Аэрация бiрнеше күннен бiр аптаға дейiн созылуы мүмкiн.  Ол — өзеннiң аумағы мен ондағы оттегi мөлшерiне байланысты жүргiзiледi.

petropavltv.kz