Облыстың мемлекеттiк орман шаруашылықтары ағымдағы 2021 жылға қойылған нысаналы индикаторларға қол жеткiзуге бағытталған Орман шаруашылығы қызметi бойынша жұмыс жоспарларын қабылдады.
Бiрiншi кезекте–бұл биологиялық сан алуандықты және табиғи-қорық қорын сақтау және тұрақты пайдалану, орман алқаптарының тозуын азайту және сүрекдiңдердiң санитарлық жағдайын жақсарту жөнiндегi iс-шаралар кешенiн орындау.
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 01 қыркүйектегi Қазақстан халқына Жолдауына байланысты қоршаған ортаны қорғау мен жасыл экономиканы дамытуға ерекше көңiл бөлiндi, мемлекеттiк орман иеленушiлердiң жоспарларына түзетулер енгiзiлдi.
Орман отырғызу жұмыстарын ұлғайту, орман питомниктерi алаңдарын кеңейту және экологиялық жағдайды жақсартуға және табиғи ресурстарды сақтау мен ұтымды пайдалануға байланысты iс-шаралар бойынша облыстық кешендi жоспар әзiрлендi.
Кешендi жоспардың негiзгi мiндеттерi облыстың 12 мемлекеттiк орман шаруашылығы келiсiлген және үйлесiмдi жұмыс iстеген кезде ғана қамтамасыз етiледi. Орман отырғызу жұмыстары, жобалау-iздестiру жұмыстары, орман питомниктерiн егу және кеңейту жөнiндегi iс-шаралар бойынша жоспарлы тапсырмалар мемлекеттiк орман иеленушiлерге жеткiзiлдi.
Мемлекеттiк орман қоры жерлерiн орман пайдалануға топырақ зерттеу бойынша жобалау-iздестiру жұмыстарын 21000 гектар алаңда, оның iшiнде жылдар бойынша 2021 жылы — 11000 гектар, 2022 жылы — 3000 га, 2023 жылы — 3000 га, 2024 жылы — -2000 га, 2025 жылы — 2000 га жүргiзу жоспарлануда.
Ағаш отырғызу жұмыстарын 20 000 гектарға, оның iшiнде жылдар бөлiнiсiнде жүргiзу жоспарлануда: 2021 жылы — 850 гектар, 2022 жылы — 1700 га, 2023 жылы — 4100 га, 2024 жылы — 6350 га, 2025 жылы — 7000 га.
Бес жыл iшiнде Солтүстiк Қазақстан облысының мемлекеттiк орман қоры аумағында негiзгi орман құраушы тұқымдылардың 100 млн.дана көшеттерiн отырғызу жүзеге асырылады.
Облыстың орман шаруашылығы қызметкерлерiнiң алдында тұрған ағымдағы жылдың маңызды мiндетi мемлекеттiк орман қоры аумағында далалық орман орналастыру жұмыстарын жүргiзу болып табылады.
Орман шаруашылығын дамыту жоспарының негiзi орман орналастыру кезiнде қаланады, ол мемлекеттiк орман қорын түгендеу және орман ресурстарын ұтымды және кешендi пайдалану мен молықтыруға, ормандардың орта құраушы және қорғау функцияларын сақтауға, орман шаруашылығының тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған ғылыми негiзделген орман шаруашылығы iс-шараларын жобалау жүйесi ретiнде қаралады.
Дала жұмыстарын жүргiзу нәтижесi орман орналастыру жобалары болып табылады, онда өткен кезеңде орман шаруашылығын жүргiзудi кешендi бағалау және ормандарды есепке алу деректерi негiзiнде кәсiпорынның орман шаруашылығын жүргiзудiң негiзгi ережелерi ғана емес, сонымен қатар алдағы тексеру кезеңiне арналған жұмыс көлемi де айқындалады. Жоба орман шаруашылығы қызметiн жүргiзудiң ұзақ мерзiмдi стратегиясын әзiрлей отырып, 10-15 жыл мерзiмге жасалады. Орман шаруашылығы iс-шараларын жобалау Орман кодексiнiң, ҚР Үкiметiнiң қаулылары мен шешiмдерiнiң, басқа да директивалық құжаттардың, қағидалар мен нұсқаулықтардың талаптарын негiзге ала отырып жүргiзiледi.Бұл алдағы кезеңге орындалуы қажет бiрiншi кезектегi мiндеттер.
Орман шаруашылығы және ЕҚТА бөлiмiнiң статистигi
С.Е. Сүлейменова