«Булаев орман шаруашылығы» КММ-сi Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғындарына ҚР Орман кодексiне, атап айтқанда, 91 бабына өзгерiстер енгiзiлгенiн хабарлайды.
Заңның жаңа редакциясында «Күтiп-баптау мақсатында және санитарлықмақсатта ағаш кесу кезiнде мемлекеттiк орманиеленушiнiң жергiлiктi халықтың ағашқа дегенқажетiн қамтамасыз етуi туралы» 91-бапқа сәйкес:
1 тармағы «Жергiлiктi халықтың сүрекке, оның iшiнде отындық сүрекке деген қажеттiлiгiн қамтамасыз ету, одан өтiнiмдер болған кезде, басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу, аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу және басқа да мақсаттарда ағаш кесу кезiнде дайындалған сүректi мемлекеттiк орман иеленушiнiң өткiзуi есебiнен жүзеге асырылады».
2 тармағы «Осы баптың 1-тармағында белгiленген өтiнiмдер басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу, аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу және басқа да мақсаттарда ағаш кесу, сондай-ақ кеспеағаш аймағынан тыс қоқысты жинау жүргiзiлгенге дейiн бiр ай бұрын тиiстi мемлекеттiк орман иеленушiге берiледi».
Басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу, аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу және басқа да мақсаттарда ағаш кесу өткiзуге өтiнiмдердi қабылдау 2021 жылдың 8 ақпанында басталады.
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Сауда-өнеркәсiп палатасының белгiлеген бағасы бойынша 1 текше метр үшiн 122 теңге мемлекеттiк орман иеленушiсiнiң («Булаев орман шаруашылығы» КММ) белгiлеген орындарда кеспеағаш аймағынан тыс қоқысты жинау 2021 жылдың маусымынан 1 қазанына дейiн жүргiзiлетiн болады.
Үстiмiздегi жылы Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Сауда-өнеркәсiп палатасының анықтамасына сәйкес 3,6-дан 5 баллға дейiнгi санитарлық жағдайдағы ағашқа сүректiң құны: 1 текше метр үшiн 2000 теңге.
Басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесудегi сүрекке босату бағасы, iске жарамды сүректiң санына байланысты орташа есеппен 1 текше метр үшiн 2500 теңгенi құрайды.
2021 ж. келесi негiзгi себептер бойынша сүрекке босату бағасы өстi:
1) СҚО аумағында орман шаруашылықтары босататын сүректiң бағасы 2014 жылдан берi қайта қарастырылмаған.
2) Орман иеленушiлерiнiң халықтың сатып алатын сүрек үшiн төлемге байланысты шығындарының артуы. ҚР Салық кодексiне сәйкес жергiлiктi бюджетке түбiрiмен босатылатын сүрек үшiн төлем мөлшерлемесi айлық есептiк көрсеткiшке (АЕК) бекiтiлген және ол жыл сайын артуда, ал жекелеген жылдары екi рет өзгерген.
3) Орман шаруашылығының, орман дақылдарының жұмыстары мен өртке қарсы iс-шараларды орындау кезiнде еңбекақы төлеу шығындарының өсуi.
4) Жанар-жағармай, қосалқы бөлшектер мен басқа да материалдарды сатып алу бағасының артуы.
Жоғарыда айтылған қаржылық факторларға байланысты орман иеленушiлерiнiң көрсететiн қызметтер мен тауарлар құнының артуы орын алды.
Сүрекке өтiнiмдердi қабылдау дүйсенбiден сейсенбiге дейiн жүргiзiлетiн болады, бейсенбi және жұма күндерi құжат беру, ал сенбi сүректi босату жүргiзiледi.
И.Ю. Горбачев
директордың орынбасары