«Ағаш кесу және орман билетiн беру» мемлекеттiк қызметтi iске асыру бойынша БКБ

«Ағаш кесу және орман билетiн беру» мемлекеттiк қызметтi iске асыру бойынша БКБ

Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсiбi министрiнiң 2020 жылғы 31 қаңтардағы бұйрығымен бекiтiлген Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiне сәйкес «Ағаш кесу және орман билетiн беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi электрондық немесе қағаз түрiнде көрсетiледi. Қызмет алушылар үшiн бұл қызмет «электрондық үкiмет» веб-порталында да қолжетiмдi.

Осыған байланысты, Мемлекеттiк қызметтердi электрондық нысанда көрсету мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатында облыстың 12 мемлекеттiк орман иеленушiсiне «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ арқылы мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiктiк ортасына қосу жүргiзiлдi және «Е-лицензиялау» АЖ-ға қолжетiмдiлiк ұйымдастырылды.

Осы мемлекеттiк қызметтi iске асыру мақсатында 2021 жылғы 05 Ақпанда «ҰАТ» АҚ өкiлдерi мен мемлекеттiк орман иеленушiлердiң қатысуымен бейнеконференция форматында кеңес өткiзiлдi. Аталған мемлекеттiк қызметтiң функционалымен жұмыс iстеу, жүйе бұзылған жағдайдағы iс-әрекеттер, сондай-ақ ұйымдастыру мәселелерi талқыланды.

Орман шаруашылығы және ЕҚТА
бөлiмiнiң басшысы
В.Лабанчук