Қаңтар айында жұмыс

Қаңтар айында жұмыс

2021 жылдың қаңтар айында «Соколов орман шаруашылығы» КММ аумағында қардың қалыңдауына байланысты орман қорғау мамандарының күшiмен жабайы аңдарды браконьерлiктен сақтау мақсатында қарау үнемi жүргiзiлуде. КММ қызметкерлерiмен «Серебряный бор» табиғи ескерткiшi аумағында азықтық арнайы орындарға 250 дана жапырақты бұтақтар салынды. Жыл басынан берi УАЗ автокөлiгiмен табиғат заңдылықтарын қадағалау мақсатында 3 рейд жасалды.

Аңшылық пайдаланушылардың келiсiм мiндеттерiне сәйкес биотехникалық шараларды (қысқы уақытта жабайы аңдарды қосымша азықтандыру) уақытында өткiзiп отыруларын қадағалауда.

Аңшылық жүргiзушiсi
Брюхов С.П.