Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiнiң 154-бабының 2-тармағына сәйкес 2020 жылға арналған қалдықтарды түгендеу есебiн ұсыну мерзiмi 2021 жылдың 1 наурызына дейiн белгiленген.
Есептi Экология департаментiне ұсыну немесе https://oos.eсogeo.gov.kz мекен-жайы бойынша «Қоршаған ортаны қорғаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесi» ақпараттық жүйесiнде толтыру қажет.
Барлық сұрақтар бойынша ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлiгiнiң «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК-ға 8-775-826-72-29, 8-776-101-18-39 (WhatsApp) телефон нөмiрлерi бойынша немесе kadastr.othodov@mail.ru электронды мекен жайы бойынша хабарласуға болады.