2020 жылы орман шаруашылығы КММ жаздырылған ағаш кесу билеттерi бойынша нақты барлығы 507,5 мың текше метр сүрек босатты, соның iшiнде кәделiк 33,8 мың текше метр, отындық сүрек 473,7 мың текше метр.
Жаздырылған орман билеттерi бойынша нақты босатылды: мемлекеттiк орман қоры жерлерiнде шөп шабу 410,5 гектар алаңда жүргiзiлдi, шөп шабуға арналған аумақ алаңқайлардан бөлiнiп, 36 орман билетi берiлдi;
4,1 гектар алаңда мал бағу, 1 орман билетi берiлдi; 17,8 гектар алаңда ара ұялары мен омарталар орналастыру, 4 орман билетi берiлдi; марал шаруашылығын жүргiзуге 132 гектар алаңға 1 орман билетi берiлдi («Сергеевка» орман шаруашылығы» КММ); 1120,9 гектар алаңда ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру; техникалық шикiзат (кесу қалдықтары монша сыпыртқыларын даярлау үшiн пайдаланылды) дайындау 15,0 гектар алаңда, монша сыпыртқыларын даярлау 3 тонна.
Мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн 194 гектар алаңда ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi пайдалануға орман пайдаланушыларға 32 орман билетi жазып берiлдi.
Барлығы орман шаруашылықтары орман пайдалануға 620 рұқсат құжатын бердi, соның iшiнде 528 ағаш кесу билетi мен 92 орман билетi.
Жанама пайдалану үшiн төлем облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 21.06. № 34/8 шешiмiмен бекiтiлген және Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 05.07. № 5465 болып тiркелген ставкалар бойынша алынды.
Өсiп тұрған сүрек үшiн төлеу мерзiмi бойынша түсуге тиiстi төлемдер 312 млн. 777 мың теңге, iс жүзiнде 284 млн. 558 мың теңге түстi. Мемлекеттiк орман иеленушiлер тиесiлi соманың 100%-ын енгiздi.
Салық кодексiнiң 588-бабына сәйкес сүрек дайындау бойынша ұзақ мерзiмдi орман пайдалану орман пайдаланушылар 28 млн. 219 мың теңге сомасында берешек сомасы заңнамада белгiленген мерзiмде (есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-күнiнен кешiктiрмей) енгiзетiн болады.
Жанама пайдалану үшiн төлем толық көлемде түстi және 2 млн. 376,2 мың теңгенi құрады.
Орман шаруашылығы және ЕҚТА
бөлiмiнiң маманы
С. Сүлейменова