
Солтүстiк Қазақстан облысында табиғатты қорғау полицейлерi мен орман күзетi «Шырша» акциясы аясында жұмыс жүргiзуде. Мiндет-мереке алдындағы күндерi қылқан жапырақты ағаштарды браконьерлiк кесуден қорғау. Жаңа жылдық шыршаларды өткiзу орындарына ерекше назар аударылады.
Субъектiлер тауардың шығу тегiн растайтын құжаттарды және аумағында сату жүргiзiлетiн сауда алаңдарының әкiмшiлiгiмен жасалған шартты тексередi. Қазiргi уақытта бұзушылықтар анықталған жоқ. Ағаштардың көп бөлiгi Ресей Федерациясынан, сонымен қатар Кондрат орман питомнигiнен әкелiндi.
Рейдтердi полицейлерден басқа, желiлiк полиция бөлiмiнiң қызметкерлерi, Табиғи ресурстар басқармасы мен «Қызылжар орман шаруашылығы» КММ өкiлдерi кiретiн мобильдi топ жүргiзедi. — Қылқан жапырақты ормандарды қорғау үшiн Орман шаруашылығы қызметкерлерiмен 101 бекет қойылды. Қазiргi уақытта бұзушылықтар анықталған жоқ.
Естерiңiзге сала кетейiк, заңсыз ағаш кесу үшiн айыппұл қарастырылған. Мемлекетке залал келтiрiлген жағдайда 100 айлық есептiк көрсеткiшке жетедi, егер iс-әрекеттi қылмыстық топ жасаса, iрi айыппұл, қамауға алу не бас бостандығынан айыру түрiндегi қылмыстық жауапкершiлiк басталады.
СҚО әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар
және табиғат пайдалануды реттеу
басқармасының бас маманы
Қ.Қ. Байтеңiзов