
1 желтоқсаннан бастап "Пресновка орман шаруашылығы" КММ жаңа жылдық шырша ағаштарын күзетуге кiрiстi. 3 пост тәулiк бойы тағайындалды, сондай-ақ орман күзетiшiлерiнен 9 мобильдi топ құрылды:
Шырша орнату үшiн қылқан ағаштарын сауда жасауға қатаң тыйым салынады. Мектептерге, балабақшаларға және басқа әлеуметтiк мәдени-тұрмыстық құрылымдарға мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзуге Әкiмшiлiк өтiнiмi бойынша бөлiнедi. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесi Комитетiнiң рұқсаты бойынша жазылып берiлген ағаш кесу билеттерi арқылы қылқан жапырақты ағаштарды кесу рұқсат етiлген.
Тек қана құрама шыршалар мен тiрi контейнерлерде ғана халыққа сатуға болуы мүмкiн.
Сөйтiп, Солтүстiк Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу Басқармасы бұйрығы бойынша орман күзетiнiң қызметкерлерi қылқан жапырақты екпелердi қүзетуге кiрiсiп кеттi. Өткен жылғыдай осы жылы да күрке орнатылып, тәулiк бойы кезекшiлiк және барлық қылқан жапырақты екпелер алаңы бойынша патрулдық жұмыс жургiзiледi.
Сондай-ақ, есiңiзде болсын:
ҚР ҮҚ 31 мамыр 2007 жылғы № 441 жаңа жыл қарсаңындағы кезеңде бiр ағаш кесiлген залал құны (қараша-желтоқсан) 15 АЕК бойынша 41670 тенге құрайды, одан әрi материал әкiмшiлiк iс қозғау үшiн құқыққорғау органдарына берiледi.
Орманды сақтау және қорғау инженерi
А.А. Рахметов