
«Соколов орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнде 2020 жылдың 25 қарашасында Малинов орманшылығының орман қорғаушы (инспектор) Тагильцев Николай Яковлевичтi зейнеткерлiк демалысқа шығарып салу өттi.
Николай Яковлевич осы ұжымда 20 жылдан астам учаскенiң орман шеберi мен орман қорғаушысы (инспектор) лауазымы қызметiн атқарды. Ол өзiнiң бiлгiрлiгi мен еңбек сүйгiштiгiнiң арқасында ұжым алдында жақсы маман қатарында, өте беделдi болды. Осы уақыт iшiнде Николая Яковлевич ерен еңбегi мен орман саласында ат салысқаны үшiн құрмет грамоталарымен, түрлi сыйақылармен әлденеше рет марапатталды.
Николай Яковлевич орман саласы мамандар қатарына үнемi қосылып отыратын жастарға үлкен сенiм бiлдiретiнiн, олардың өзiнен алған бiлiмдерi мен тәжiрибелерiн ұжым алдында мiндеттi түрде iске асыратынын айттты.
Өзiн құттықтаушы ұжымдастарын жылы қарсы алып, олармен бiрге өткен өмiрiндегi әр түрлi қызықты жағдайларды еске алды.
Кәсiподақ комитетiнiң төрағасы С.П. Брюхов «Соколов орман шаруашылығы» КММ ұжымы атынан Николай Яковлевичтi шын жүректен құттықтап, естелiк сыйлығын тапсырды.
«Соколов орман шаруашылығы» КММ
әкiмшiлiгi