
Қазақстанның орманы — туған жерде жайқалған халық игiлiгi саналады. Ал орман шаруашылығы саласы қызметкерлерiнiң басты мiндеттерiнiң бiрi — орманды қалпына келтiру болып табылады. Бiз жасыл орманымыздың жағдайына қамқорлық танытуымыз керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзiнiң Жолдауында: «Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму — елiмiз үшiн алдыңғы кезекте тұрған мәселе. Бүкiл өркениеттi әлем жұртшылығы осы мәселемен айналысуда. Бiзге де мұндай жаппай үрдiстен шет қалуға болмайды. Бес жыл iшiнде орман алқабында 2 миллиард, елдi мекендерде 15 миллион ағаш отырғызылатын болады. Бұл елiмiздегi көгалдандыру ауқымын кеңейтуге септiгiн тигiзедi» деген болатын
«Булаев орман шаруашылығы» КММ-сi бұл бағытта мақсатты әрi ауқымды жұмыстар жүргiзуде. Мәселен, алдағы 2021-2025 жылдары жалпы аумағы — 1634 га аумаққа қадамдап орман дақылдарын отырғызуды арттыру жоспарланған. Дақылдарды отырғызу 1 гектарға 3000 түп отырғызу материалының шығынымен жаңадан басталмаған ағаш кесу алаңдарында РТК-14 бойынша жүргiзу жоспарланып отыр. Осыған орай, отырғызу материалдарын өсiру үшiн тәлiмбақтарда егу алқаптарын ұлғайту қажеттiлiгi туындайды. Қазан айында бiздiң орман шаруашылығымызда қосымша Булаев және Конюхов орман шаруашылықтарында жалпы аумағы — 1,9 га екi уақытша орман тәлiмбағы ұйымдастырылды. Суворов орман шаруашылығындағы жалпы аумағы — 2,2 га уақытша тәлiмбақта 16 қараша күнi күзгi ағаш отырғызу аясында 0,11 га алаңға аққайың отырғызылды. Барлық егiлген дақылдар үлдiрмен жабылған, ал бұл тұқымдардың екi апта бұрын жұмыла шығу ерекшелiгi бар.
Жалпы 5 жыл iшiнде 10,1 га алқапқа ағаш отырғызу жоспарланған. Осы жоспарларды орындау үшiн «Булаев орман шаруашылығы» КММ-сi жыл сайын аққайың тұқымын жинайды. Ағымдағы жылы 1-шi сыныпты 185 келi, 2-шi сыныпты — 150 келi және 3-шi сыныпты — 225 келi тұқым жиналды, бұл қайтадан құрылған уақытша тәлiмбақтарға қосымша ағаштар отырғызуға мүмкiндiк бередi. Осы мақсат үшiн 270 мың теңге сомасына 750 метр техникалық үлдiр сатып алынды. Алдағы уақытта 236 мың теңге сомасына тамшылатып суармалау үшiн құрал-жабдықтарын, 4 шаршы шақырым аумақты суару үшiн шығын материалын және қосымша 25 текше метрден кем емес көлемдегi су үшiн екi сыйымдылық сатып алу жоспарланып отыр. Бұл өз кезегiнде 5 адамнан тұратын орман дақылдарын күту бригадасының жұмысына қолайлы жағдай тудыратыны анық.
«Булаев орман шаруашылығы» КММ-нiң әкiмшiлiгi