Қылқан жапырақты ормандарды сақтайық!

Қылқан жапырақты ормандарды сақтайық!

Қыстың келуiмен аудан орман шаруашылығында қылқан жапырақты екпелердi қорғауды күшейту туралы сұрақ туындайды. 1 желтоқсаннан бастап "Мамлют орман шаруашылығы" КММ қызметкерлерiмен, ұзақ мерзiмдi орман пайдаланушылармен және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiмен КММ аумағында қылқан жапырақты ағаштардың заңсыз кесiлуiн болдырмау, анықтау және жолын кесу үшiн тәулiк бойы рейдтер және басқа да iс-шаралар жүргiзiледi.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 31 мамырдағы №441 "Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтiрiлген зиянның мөлшерiн есептеу үшiн базалық ставкаларды бекiту туралы" қаулысының негiзiнде жаңа жыл алдындағы кезеңде жас төлдi немесе қылқан жапырақты тұқымдардың өскiндерiн құртқаны немесе зақымдағаны үшiн залал 15 АЕК құрайды. ҚР ҚК 340-бабының 2-бөлiгiне сәйкес қылмыстық терiс қылық болып табылады және жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не қырық тәулiкке дейiнгi мерзiмге қамауға алуға, не шетелдiктi немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегiнен бес жылға шығарып жiберуге, мүлкi тәркiленiп, жазаланады.

Бiздiң ормандарымызда қылқан жапырақты ағаштар жасанды жолмен отырғызылады. Бұл сұлулар — жаңа жылдық мерекелердi әшекейлеу — ондаған жылдар бойы көптеген адамдардың еңбегiмен өсiрiлген. Сондықтан жаңа жылдық мерекелерге байланысты көшеттердi құртуға болмайды, осы мақсатта аудан дүкендерiнен жасанды шыршалар сатып алуға болады. Бiз сiздердi — бiздiң ауданның мақтанышы мен байлығы — қылқан жапырақты екпелердi қорғауыңызды сұраймыз!

Орманды молықтыру және орман өсiру жөнiндегi инженер
Косоурова П.С.