2020 жылдың 5-шi қыркүйегiнде күзгi және қысқы аңшылық маусымы басталды. Заңсыз аңшылықтың алдын алу және табиғат заңнамаларын бұзу фактiлерiн анықтау мақсатында «Преснов орман шаруашылығы» ММ-де орман мекемесiнiң қызметкерлерi мен қорықшылық қызмет қатарынан мобильдi топ құрылды. Мобильдi топ тұрақты түрде рейдтiк iс-шаралар өткiзiлуде. 28 қыркүйекте аумақты патрульдеу кезiнде табиғат заңнамасын, соның iшiнде аңшылық Қағидасын бұзған Преснов селосының тұрғыны ұсталды.
Аңшы ескерту түрiндегi административтiк жауапкершiлiкке тартылды. Табиғат заңнамаларын және аңшылық Қағидаларын сақтау бойынша рейдтiк iс-шаралар түрақты түрде жүргiзiлiп тұрады.
2020 жылы 1 хаттама толтырылды, 2019 жылы бұл кезеңде 3 хаттама толтырылды.
БАҚ арқылы аңшылық Қағидаларын бұзудың алдын алу бойынша және браконьерлiкпен күрес мақсатында аңшылар мен басқа да азаматтар арасында жануарлар дүниесiн ұтымды пайдалану туралы түсiндiру, аңшылық заңнамаларын насихаттау жұмыстары жүргiзiлуде. Аудандық газетте аңшылық туралы 4 мақала жарияланды.
Биотехникалық iс-шараларды өткiзу үшiн 2000 дана азықтық сыпыртқылар дайындалды. Оның 1000 данасы «Красный бор» ММ-не жiберiлдi.
«Преснов орман шаруашылығы» КММ
қорықшысы
Е.Б. Сарымсақов