
Ағымдағы жылдың 5 қарашасынан бастап Солтүстiк Қазақстан облысының ормандарында өрт қауiптi маусым аяқталды. Өткен өрт қауiптi маусымда "Мамлют орман шаруашылығы" КММ-де жоспарлы өртке қарсы iс-шаралар өткiзiлдi: минералдандырылған жолақтарды орнату — 46 км, минералдандырылған жолақтарды күту — 4389 км, өртке қарсы тақырыпқа аншлагтар орнату — 150 дана, ауыл шаруашылығы құрылымдарына ұйғарымдар берiлдi — 130 дана, ұйымдарда және оқу орындарында семинарлар, дәрiстер, әңгiмелесулер өткiзiлдi — 108. 16 өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу анықталды. Сондай-ақ, жалпы ауданы 15,1 га болатын 15 өрт оқиғасы тiркелдi, өрт анықталған жоқ.
Орманды молықтыру және орман өсiру жөнiндегi инженер
Косурова П.С.