Орман орналастыру бойынша дайындық жұмыстары

Орман орналастыру бойынша дайындық жұмыстары

Орман орналастыру бойынша дайындық жұмыстары 2019 жылдың қараша айында жүргiзiлдi. Жұмыс жүргiзу барысында тұрақты жер пайдалану актiлерi бойынша сараптама жүргiзiлiп, алдыңғы орман орналастырудың картографиялық сызба құжаттары бойынша бойынша жердiң жоспарларына, шекарасы және ауданы бойынша сәйкестiктерi қарастырылды.

2021 жылы дала жұмыстары басталады. “Қызылжар орман шаруашылығы” КММ-де орман орналастыру бойынша келесi дайындық жұмыстары жүргiзiлдi: аудандық жер балансының есебi бойынша реттеуге сұрақтар сараланды.

  • Тексеру кезеңi бойынша орман екпелерiнiң инвентаризациясы жұмысы жүргiзiлдi.
  • Орман орамдарында соқпақтарын тазарту және шабу, орамдық шекараларды реттеу жұмыстары қажет емес.
  • КММ бойынша 78% орамдық бағаналарды ауыстыру жұмыстары жүргiзiлдi.
  • Орман екпелерiнiң орман шаруашылығы бағаналары қанағаттанарлық жағдайда. Тексеру кезеңi мерзiмiнде жүргiзiлген жерлерде орман шаруашылығы бағаналарын жаңарту және ауыстыру жұмыстары жалғастырылып жатыр.

Орман пайдалану жөнiндегi инженер
Гайворон Е.С.