Күзгi орман өсiру жұмыстары

Күзгi орман өсiру жұмыстары

Қазақстанда ормандар жыл сайын шаруашылық қызметiнiң нәтижесiнде (ағаш кесу, жолдар мен басқа да инфрақұрылымдар салу, елдi мекендердi кеңейту, өрттер, ормандардың жәндiктерге, ауруларға және т.б. төзiмдiлiгiн төмендету) едәуiр алаңдарда кесiледi. Сондықтан орман шаруашылығына және орман пайдаланушыларға жүктелген маңызды мiндет-орманды қалпына келтiру, ол орман өсiмдiктерiмен жабылған жерлердiң ауданын азайтуға және орман екпелерiнiң жағдайын нашарлатуға жол бермеуге арналған.

«Мамлют орман шаруашылығы» КММ бiздiң ауданның ормандылығын арттыру үшiн ормандарды молықтыру бойынша iс-шаралар өткiзедi, оған отырғызу материалдарын өсiру, отырғызу, орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу, орман дақылдарын толықтыру жұмыстары кiредi.

Жыл сайын «Мамлют орман шаруашылығы» КММ бойынша кесiлген екпелер алаңына байланысты өсiмiн молайту көлемi 30 га-дан 70 га-ға дейiн өзгерiп отырады. 2015 жылы — 30,1 га, 2016 жылы — 54,1 га, 2017 жылы — 71,5 га, 2018 жылы — 59,1 га, 2019 жылы — 48 га, 2020 жылы — 43 га жерге ағаш отырғызу жүргiзiлдi.

«Мамлют орман шаруашылығы» КММ-де Белое, Кондратов және Михайлов орманшылықтарының аумағында уақытша питомниктер бар. Питомниктерде мектеп бөлiмдерi салынды, оларда тал, қәдiьгi қарағай, долана, қара жемiстi шетен, боз арша, бөрiқарақат, жөке өсiрiледi. Көшеттердi бiздiң қалалар мен ауылдарды көгалдандыру үшiн пайдалану жоспарлануда. Орманшылықтардың егiс бөлiмшелерiнде 312,0 мың дана көлемiнде отырғызу материалы өсiрiледi. Орманшылықтардың қызметкерлерi бөлiмшелерге дер кезiнде суару және отау жүргiзедi.

Орманды молықтыру және орман өсiру бойынша
инжинерi
П.С. Косоурова