
Қазiргi уақытта «Булаев орман шаруашылығы» КММ мамандары жануарлар әлемiн күзету және егiлген ағаштарды заңсыз кесуден қорғау бойынша рейдтiк iс-шаралар өткiзуде. Рейдтiк шаралар орман бастықтары, аңшылық жүргiзушi және орманды қорғау мен күзету инженерiнiң қатысуы арқылы патрульдiк автокөлiктермен жүргiзiлуде.
Рейдтiк iс-шаралар барысында тұрғындармен жануарлар әлемiнiң объектiлерiне ұқыпты қарау, олардың өмiр сүретiн ортасын аялау, заңсыз ағаш кесуге болмайтынын жөнiнде түсiндiру жұмыстары өткiзiлдi. Сондай-ақ аңшылармен және орман құлатушылармен жануарлар әлемi мен орман алқаптарын қорғау тақырыбында әңгiмелесулер өткiзiлiп, қоршаған ортаны қорғау, жануарлар әлемiн пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқықбұзушылықтар, орман iшiнде аң аулау және өрт қауiпсiздiгiн сақтау туралы айтылды. Оған қоса, аң аулау, ағаш кесу қаруды ұстау мен сақтау, сүректi әзiрлеу мен шығару үшiн рұқсат қағаздары, көлiк құралдары тексерiлдi.
«Булаев орман шаруашылығы» КММ қызметкерлерi 2020 жылдың басынан бастап 153 рейдтiк iс-шаралар өткiзген болатын.
Рейдтiк iс-шаралар барысында 23 бұзушылық анықталды, соның iшiнде 9 жағдай — аңшылық, 8 жағдай — өрт қауiпсiздiгi қағидасын бұзу, 1 жағдай — заңсыз ағаш кесу және 5 жағдай — басқа да орман бұзушылықтары бойынша.
205 572 теңге сомасына әкiмшiлiк айыппұлдар салынып, өндiрiлiп алынды, 1797859 теңге сомасына залал келтiрiлдi және 1777024 теңге өтелдi.
04.10.2019 жылы осы уақытта «Булаев орман шаруашылығы» КММ мамандары 38 хаттама толтырған болатын.
«Булаев орман шаруашылығы» КММ
орманды қорғау мен күзету инженерi Ж. Абаев