Орман орналастыру — орман шаруашылығы қызметiн ұйымдастыру және жоспарлау жөнiндегi iс-шаралар. Қазақстанда ормандарды орналастыру жұмыстарын мемлекеттiк орман қоры аумағында орман орналастыруды жүргiзудiң белгiленген ережелерiне сәйкес «Қазақ орман орналастыру кәсiпорны» РМҚК жүзеге асырады. Жұмыстарды жүргiзу кезiнде компьютерлiк техниканы қолдана отырып, ормандар мен далалық орман таксациялық материалдарды аэроғарыштық түсiрудi өңдеудi автоматтандыруды кеңiнен қолдануға мүмкiндiк беретiн ГАЖ технологиялары кеңiнен қолданылады.
Солтүстiк Қазақстан облысында соңғы орман орналастыру 2002-2005 жылдары жүргiзiлдi. Алайда, әр он жыл сайын тиiстi ақпаратты жаңарту қажет. Бұл жұмыстар орман шаруашылығы және жануарлар дүниесi комитетiнiң тапсырысы бойынша республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылады.
Орман орналастыру жұмыстары үш кезеңде жүргiзiледi.
Бiрiншi кезең — дайындық. 2020 жылы облыстың мемлекеттiк орман шаруашылықтарында тоқсандық бағаналарды орнату және ауыстыру, орам соқпақтарын тазалау және кесу, шектес жер пайдаланушылармен шекараны белгiлеу жұмыстары жүргiзiлдi, өткен орман орналастыру кезеңiнен бастап шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi бойынша жоспарлы-картографиялық материалдарға өзгерiстер енгiзiлдi.
Екiншi кезең — ормандарды таксациялау. Бұл жұмыстар алдағы 2021 жылға жоспарланған. Iс-шараларды Қазақ орман орналастыру кәсiпорнының орман орналастыру партиялары орындайды, осы жұмыстарды жүргiзу барысында ормандардың сапалық және сандық сипаттамалары айқындалады.
Үшiншi кезең — алынған деректердi камералық өңдеу. Ормандарды күзету, қорғау, молықтыру және пайдалану жөнiндегi iс-шаралардың көлемi белгiленетiн нәтижелер бойынша. Ормандарды таксациялауды орындау үшiн негiз жердi қашықтықтан зондтау материалдары ( ғарыштық түсiрiлiмдер), бұрынғы орман орналастырудың планшеттерi және мемлекеттiк орман кадастры мен орман мониторингi материалдары болады.
Орман қорының жай-күйi туралы деректер, сондай-ақ орындалған орман орналастыру жұмыстары нәтижесiнде алынған жоспарланатын орман шаруашылығы iс-шараларының көлемi 2022-2032 жылдар аралығындағы келесi тексеру кезеңiне әрбiр мемлекеттiк орман шаруашылығы үшiн ұйымдастыру-шаруашылық жоспарына енгiзiлетiн болады.
Далалық орман таксациялау жұмыстарын жүргiзудiң әрбiр кезеңiнде мемлекеттiк орман шаруашылықтарының мамандары ормандарды таксациялау сапасына және алдағы тексеру кезеңiне ормандарды сақтау жөнiндегi орман шаруашылығы iс-шараларының тағайындалуының дұрыстығына бақылауды жүзеге асырады.
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қажеттi ұйымдастырушылық және консультациялық көмек көрсете отырып, жұмыстардың жүргiзiлуiне тұрақты бақылау жүргiзедi.
Орман шаруашылығы және ЕҚТА
бөлiмiнiң маманы
С.Е. Сүлейменова