|
Орналастыру күні |
Хабарландыру |
|
04.10.2022 |
«ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің СҚО бойынша экология департаменті» РММ-не (бұдан әрі – Экология департаменті) бастамашы – «Akzhar mining» ЖШС жоспарланып отырған қызмет туралы өтініш берді. Жоспарланып отырған қызмет – СҚО Ақжар ауданында «Даутское-2» кен орнының габбро және гранит өндіру (магмалық жыныстар). Өтінішпен «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ www.dpr.gov.sko.kz. сайтында танысуға болады. Жоспарланып отырған қызмет туралы өтініш интернет-ресурстарда дәйекті күнтізбелік отыз күн ішінде қолжетімді болады. Жұртшылық көзделіп отырған қызмет туралы мәлімдемеге қатысты өз ескертпелері мен ұсыныстарын беруге құқылы. Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдауды Экология департаменті мына мекенжай бойынша жүзеге асырады: 150000, СҚО, Петропавл қ., к. Сүтішев к-сі, 58 каб.33, sko-ecodep@ecogeo.gov.kz. Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау 02.11.2022 ж. дейін жалғасады. |
|
04.10.2022 |
|
|
03.11.2022 |