2026 жылғы 9 қазанда Тайынша қаласында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Н. М. Кенесовтің төрағалығымен көшпелі кеңес өтті. Кеңес барысында бірқатар тапсырмалар берілді, оның ішінде елді мекендердің бас жоспарларын 2026 жылғы 15 қазанға дейін мемлекеттік сараптамаға жүктеуді қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берілді.
2026 жылғы 5–6 қазанда Астана қаласында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Құрылыс,
сәулет және қала құрылысы басқармасының қатысуымен ARCHICA халықаралық сәулет конгресі өтті.
Екі күн бойы әртүрлі елдерден келген сарапшылар қалалардың қарқынды өсу, инвестициялар,
технологиялық даму және өмір салтының өзгеруі сияқты сын-қатерлерге жауап бере отырып,
өздерінің бірегей келбетін қалай қалыптастыра алатынын және жергілікті мәдени ерекшеліктерін
қалай сақтап қала алатынын талқылады.
2026 жылғы 25 қыркүйекте «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті 40-шы сессиясына қатысты.
Отырыс барысында депутаттар сәулет-қала құрылысы кеңесінің құрамын қарап, бекітті.
Сонымен қатар депутаттар бұған дейін қабылданған, өзектілігін жоғалтқан шешімге өзгерістер енгізіп, оның күші жойылды деп таныды.
Аталған мәселе мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында алдын ала қаралды. Сессия қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданды.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ,
«Көкшетау» РММ мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне тиесілі жер учаскелерін
туристік және рекреациялық қызмет үшін ұзақ мерзімді пайдалануға беруге қатысты
тендерлік комиссияның отырысына қатысты.
Петропавл қаласының дәл іргесінде орналасқан Белое ауылында ақ түйенің қарны жарылатын күн жақын. Бұл елді мекен тұрғындарын алаңдатқан мәселе бар - мектептің жоқтығы. Бұған дейін мұндағы білім ошағы апатты деп танылды, артынша жабылды. Қазір жаңа нысан салынып жатыр.
Кәсіби мереке — Құрылысшылар күніне орай, басқарма қызметкерлеріне
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің
құрметті марапаттары табысталды
Құрылыс саласы ел экономикасына айрықша серпін береді. Ал құрылысшылардың еңбегінің арқасында түрлі тың жобалар жүзеге асып жатыр.
Петропавлда облыстық әкімдіктің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіне 2 мәселе шығарылды. Алғаш қаузалған түйткіл - сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту. Мінберге энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Әлішер Беспаев шықты. Атқамінердің сөзінше, облыстағы су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 7 мың шақырымнан асады. Өңірде барлығы 515 мыңға жуық тұрғын орталықтандырылған тіршілік көзімен қамтамасыз етілген.