Қызмет көрсету саласы колледжінің студенттеріне арналған 244 орынға шақталған жатақхананың құрылысы өткен жылдың мамыр айында басталды. 9 қабатты ғимарат бүгінде 60%-ға дайын. Қазіргі таңда нысанда шатыр, қосымша өрт сатысы орнатылып, ішкі әрлеу жұмыстары іске асырылуда. Жатақхананың құрылысына жергілікті қазынадан 890 млн. теңге бөлінген. Мердігер компания «Пилон» ЖШС-і қаржының бір бөлігін игерді. Бұдан бөлек, құрылыс компаниясы ғимаратының қасбетін қаламызда бұған дейін қолданылмаған фибропанель материалымен қапталмақ.