
Облыс орталығында Kozybaev University-дің студенттері үшін 1200 орынға шақталған жатақхананың құрылысы жүріп жатыр. Жоба құны 5 млрд. теңге. Құрылыс жұмыстары осы жылдың маусым айында басталды. Мердігер компания «Основание» ЖШС нысанды 2023-ші жылдың аяғына дейін тапсыруды жоспарлап отыр.