Қазақ театрының жаңа ғимараты салтанатты түрде ашылды

Қазақ театрының жаңа ғимараты салтанатты түрде ашылды

Көптен күткен, көппен айтулы күн! Өнерсүйер қауымға айтуға асықпыз. С.Мұқанов атындағы қазақ-сазды драма театрының су жаңа ғимаратының таспасы қиылды. Көздің жауын алатын нысаның ашылуына ҚР мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев қатысты. Бірінші болып елордалық мейман мен облыс әкімі бастаған бір топ қауым мәдениет ошағын аралады. Кейіннен азаматтар үлкен залға кіріп, сахнаға көтерілді.