
СҚО Тайынша ауданы Вишневка ауылында 120 оқушыға арналған орыс тілінде оқытатын заманауи мектептің құрылысы жүргізілуде. 1961 жылы салынған ескі ғимарат апатты деп танылып, бұзылды. Қазіргі уақытта жұмысшылар мектептің бірінші қабатын және жертөлелерді бітірді.
Қазіргі уақытта салынып жатқан мектептің эскиздік жоспары бар. Ғимаратта автономды жылыту, кәріз, ыстық су болуы керек. Сыныптар 10-12 адамға есептелген.
Жобаға сәйкес, бірінші қабатта вестибюль, жоғары және төменгі сыныптарға арналған гардероб, бейнебақылау жүйесі бар күзет үй-жайы, директор кабинеті, 44 орындық асханасы бар буфет болады. Сондай-ақ, бастауыш сыныптардың блогы мультимедиялық кабинетпен (лингафондық, компьютерлік), спорт залымен және металл, ағаш өңдейтін шеберханамен жабдықталған.
Екінші қабатта ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде оқытатын лингафондық-мультимедиялық кабинет, акт залы, Физика және астрономия, химия және биология бірлескен зертханалары, сондай-ақ мата өңдеу шеберханасы мен кітапхана орналасады.