
Қаламыздағы аспанмен астсқан зәулім ғимараттардың, биік үйлердің, сәнді әлеуметтік нысандардың әрқайсысында құрылысшылардың қолтаңбалары сайрап жатыр. Соңғы жылдары қалалықтар тарапынан құрылыста жұмыс істегісі келетін жандар қатары да артуда. Олардың басым бөлігі жүрек қалаумен осы мамндықты таңдағандарын жасырмайды. Осындай азаматтрадың бірі - "Пилон" жаупкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмыс істеп жүрген Тимур Сулейменов. Монолит құйып, ғимараттардың қабырғаларын тұрғызумен айналысатын ол облыс орталығындағы он шақты көпқабатты үйді салуға өз үлесін қосты. Бүгінде жас құрылысшы қызмет көрсету саласы колледжі студенттеріне арналған жатақхана салуға білек сыбана кіріскен.
- Құрылысшы - қадірлі әрі жауапты мамандық. Біздің еңбегіміз арқылы салынған ғимараттарды халық пайдаланады. Сапалы салынса алғысын айтады. Кем-кетігі болса бізге сын. Соңдықтан мен өзіме артылған міндетті мінсіз орындауға ұмтыламын, - дейді ол.