Меню

Страницы

Статья

Салымшылардың талап етiлмеген кепiлдiктi өтем қаражаты БЖЗҚ-дағы ерiктi зейнетақы жарналарын есепке алу үшiн жеке зейнетақы шоттарына аударылды

Ағымдағы жылдың шiлде айында Қазақстандық депозиттерге кепiлдiк беру қорынан (ҚДКБҚ) «Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларының талап етiлмеген кепiлдiктi өтем қаражатын ерiктi зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу үшiн БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) аудару рәсiмi аяқталды. Осылайша аталған банктiң 41 134 салымшысына талап етiлмеген кепiлдiктi өтем сомасы аударылды.

Бұл ретте БЖЗҚ дерекқорында 36 279 салымшы бойынша ЕЗЖ есепке алу үшiн жаңа ЖЗШ ашылып, қалған салымшылардың қаражаты ЕЗЖ есепке алу үшiн қолданыстағы ЖЗШ-ға аударылды.

Талап етiлмеген кепiлдiк өтем сомасы салымшылардың тiзiлiмiндегi салымшының дербес деректерiнен салымшының БЖЗҚ-дағы жеке деректерiне сәйкес келген жағдайда, салымшының жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаты болған кезде, сондай-ақ, БЖЗҚ-дағы салымшыларда мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары немесе ЕЗЖ есебiнен зейнетақы жинақтары бар ЖЗШ болған кезде ЕЗЖ есепке алу үшiн БЖЗҚ-ға ауыстырылады.

Салымшыларға (алушыларға) ЖЗШ ашу үшiн БЖЗҚ-ға арнайы жүгiнудiң қажетi жоқ, өйткенi, аударылған ЕЗЖ сомасы БЖЗҚ-ға түскенде автоматты түрде ЖЗШ-ға есепке алынады (олар болған жағдайда). Болмаған жағдайда ЕЗЖ есепке алу үшiн ЖЗШ Қорға өтiнiмсiз тәртiпте (яғни, автоматты түрде), оның iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен ҚДКБҚ-дан БЖЗҚ-ға кепiлдiк берiлген өтем ақшасы түскенде ашылады. ЕЗЖ есепке алу үшiн ЖЗШ-ға есептелген кепiлдiк берiлген өтемi талап етiлмеген ақша басқа зейнетақы активтерi сияқты тәртiпте инвестицияланатынын атап өткен жөн.

Қаперде ұстайтын жәйт, БЖЗҚ және электрондық үкiмет сайттарында немесе БЖЗҚ мобильдi қосымшасында ЖЗШ-дан үзiндi-көшiрменi қарап шығу арқылы ҚДКБҚ-дан келiп түскен түсiмнiң бар-жоғын тексеруге болады.

Естерiңiзге сала кетейiк, бұған дейiн БЖЗҚ-ға ҚДКБҚ-дан сегiз банктiң («Қазинвестбанк» АҚ, «Қазақстан Эксимбанкi» АҚ, «Delta Bank» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ, «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ, «Валют Транзит Банк»" АҚ, «Tengri Bank» АҚ, «Астана Банкi» АҚ) салымшыларының кепiлдiк берiлген өтемi талап етiлмеген қаражаты аударылған болатын. Осылайша, ҚДКБҚ-дан БЖЗҚ-ға ЕЗЖ есепке алу үшiн талап етiлмеген сома 270 849 ЖЗШ-ға аударылды.

Сонымен қатар, салымшы кепiлдiк берiлген өтемдi дәлелдi себеппен төлеу мерзiмiн өткiзiп алған және оның қаражаты БЖЗҚ-ға аударылған жағдайда банктi мәжбүрлеп тарату туралы бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне мәлiметтер енгiзiлген күнге дейiн не ЕЗЖ есебiнен зейнетақы төлемдерiн алу құқығы басталғанға дейiн, төлемдi алуға өтiнiштi уақытында беруге кедергi болған мән-жайды растайтын құжаттармен бiрге ҚДКБҚ-ға жүгiнуi керек. Дәлелдi себептерге: салымшының әскери қызметке кiрiсуi, Қазақстан Республикасынан тыс жерге немесе бас бостандығынан айыру орындарында болуы, салымшының мұрасын қабылдау және мұраны алумен немесе ашумен байланысты өзге де себептер, сондай-ақ, сот белгiлеген басқа да мән-жайлар жатады. Өтiнiштi қарау нәтижелерi бойынша ҚДКБҚ БЖЗҚ-ға хабарлама жiбередi. Ол өз кезегiнде ҚДКБҚ-ға кепiлдiк берiлген өтемi талап етiлмеген қаражатты қайтаруды жүзеге асырады.

Тақырып бойынша бейнематериалдар: https://www.youtube.com/watch?v=-3CYCIZoxDA

Анықтама: ЕЗЖ есебiнен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiн алу құқығы БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар келесi тұлғаларда бар:

1) елу жасқа толған;

2) мүгедек болып табылатын;

3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету ниетiн немесе дерегiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар;

4) ЕЗЖ сомасы және оларға есептелген инвестициялық табыс шегiнде зейнетақы жинақтары бар, БЖЗҚ-да кемiнде бес жыл болған зейнетақы жарналары бар тұлғалар.

Дата публикации
12 августа 2022
Дата обновления
12 августа 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы