Меню

Страницы

Статья

Жыл басынан берi БЖЗҚ салымшыларына 16,5 миллионнан астам қызмет көрсетiлдi

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2022 жылдың басынан берi салымшылар мен алушыларға 16,5 миллионнан астам қызмет көрсеттi. Оның iшiнде 11,3 млн-нан астам операция электрондық форматта, 4 млн-нан астамы — автоматты түрде жүргiзiлдi. Осылайша, қазақстандықтар зейнетақы қызметтерiнiң 93% қашықтан алды.

БЖЗҚ салымшылары бiр-екi батырманы басып-ақ жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме, ЖЗШ-ның бар-жоғы туралы анықтама алып, өз деректемелерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiп, 1 немесе 2 топтағы мүгедектiктiң мерзiмсiз белгiленуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы, сондай-ақ, ерiктi зейнетақы жарналары бойынша өтiнiш берiп, төлемге өтiнiштiң мәртебесiн қадағалап және т.б. қызмет түрлерiн ала алады.

Мiндеттi зейнетақы жарналарын (МЗЖ), мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) және ерiктi зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын автоматты түрде ашу — өтiнiшсiз қызмет көрсету форматында жүзеге асырылады. Естерiңiзге сала кетейiк, жеке тұлғаның БЖЗҚ-да ашылған ЖЗШ болмаған жағдайда, ол алғашқы жарна түскенде БЖЗҚ ақпараттық жүйесiнде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлға МЗЖ, МКЗЖ немесе ЕЗЖ аудару кезiнде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетiлген дербес деректер арқылы сәйкестендiрiледi. Салымшының қолданыстағы құжатының деректемелерi мен тұрғылықты жерi туралы барлық қажеттi мәлiметтi БЖЗҚ мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнен алады. Осылайша, Қор салымшыларына 4 миллионнан астам қызмет автоматты түрде көрсетiлдi.

Кейбiр қызметтердi алу үшiн (мысалы, мұрагерлiк бойынша немесе тұрақты тұруға шетелге кетуге байланысты зейнетақы төлемдерiн рәсiмдеу) құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажет, оны пошта арқылы немесе жеке өзi не БЖЗҚ кеңсесiнде сенiм бiлдiрiлген адам арқылы ұсынуға болады. Сонымен қатар, Қор мамандарына көзбе-көз жүгiнудi әлi күнге дейiн жөн көретiн салымшылар да бар. Сондықтан жыл басынан берi БЖЗҚ бөлiмшелерi арқылы Қазақстан бойынша салымшылар мен алушыларға дәстүрлi түрде 727,2 мыңдай қызмет көрсетiлдi. Естерiңiзге сала кетейiк, Қордың жақын жердегi бөлiмшесiн enpf.kz сайты немесе БЖЗҚ мобильдi қосымшасы арқылы оңай табуға болады.

Көшпелi қызмет көрсету барысында шамамен 34,1 мың операция жүргiзiлдi. Қордың мұндай қызмет көрсету түрi, ең алдымен, халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататын (мерзiмсiз мүгедектiгi бар 1-шi және 2-шi топтағы мүгедектер) салымшыларға (алушылар) арналған.

«БЖЗҚ» АҚ мен «Қазпошта» АҚ-ның шалғайдағы елдi мекендерде ұлттық пошта операторының бөлiмшелерiнде Қор салымшыларына зейнетақы қызметтерiн ұсыну жөнiндегi бiрлескен жобасы аясында 2022 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 347 пошта бөлiмшесiнде 5,6 мыңнан астам қызмет көрсетiлдi.

БЖЗҚ сапалы кеңес беру қызметтерiн ұсынуға және Қор салымшылары мен алушылары үшiн ақпараттық арналарды дамытуға ерекше көңiл бөледi. 2022 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша салымшылар мен алушылардан түрлi байланыс арналары арқылы түскен 455,6 мыңнан астам өтiнiш өңделдi.

Естерiңiзге сала кетейiк, БЖЗҚ салымшылары мен алушылары байланыс орталығына 1418 нөмiрi бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегiн) хабарласып, сондай-ақ, enpf.kz корпоративтiк сайты, +7 777 000 14 18 нөмiрi бойынша WhatsАpp және Viber мессенджерлерiндегi чат-бот арқылы, БЖЗҚ-ның Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтiк желiлерiндегi ресми парақшаларында ақыл-кеңес ала алады.

Дата публикации
04 июля 2022
Дата обновления
04 июля 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы