Меню

Страницы

Статья

Жинақтаушы зейнетақы жүйесi құрылғаннан бергi таза инвестициялық кiрiс — 6,8 триллион теңге

2022 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 12,8 триллион теңге болды. Бұл қаражаттың зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтитыны белгiлi.

Зейнетақы жинақтарындағы инвестициялық табыстың үлесi жыл сайын өсiп келедi. Жалпы, 2014 жылдан берi Ұлттық банк қамтамасыз еткен таза инвестициялық табыс (БЖЗҚ-да барлық зейнетақы активтерiн бiрiктiру үрдiсiнiң аяқталуы) 5,9 трлн теңгеге жеттi. Ал Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы жүйесi жұмыс iстей бастағаннан бергi инвестициялық табыс 6,8 трлн теңгенi құрады.

Жыл басынан берi геосаяси ахуалдың нашарлауы салдарынан әлемдiк қаржы, тауар нарықтарында құбылмалылық орын алып, бұл инфляцияның өсуi мен зейнетақы активтерiнiң табыстылық көрсеткiштерiне керi әсерiн тигiздi. Осылайша, зейнетақы активтерiнiң кiрiстiлiгi жыл басынан берi әр түрлi кезеңдерде бiрде оң, бiрде терiс қалыптасқан қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалау салдарынан өзгерiп отырды.

Зейнетақы жинақтары қаржы құралдарына түрлi валютада инвестицияланды. Инвестициялардың 2/3 жуығы теңгемен және 1/3 жуығы шетел валютасымен, валюталық инвестициялардың басым бөлiгi АҚШ долларымен орналастырылған. Тиiсiнше, доллар бағамы зейнетақы активтерi құрамындағы инвестициялық кiрiске әсер етедi: ұлттық валюта нығайған кезде инвестициялық кiрiс төмендеп, доллар бағамы өскен кезде жоғарылауы мүмкiн. Жалпы, 2014 жылдан бастап зейнетақы активтерiнiң валюталық үлесi 17%-дан 29% дейiн өскенiн атап өткен жөн.

2022 жылдың қаңтары мен наурыздың басы аралығында АҚШ долларына қатысты теңге бағамы әлсiреп, доллар құны 431 теңгеден 495 теңгеге дейiн жеттi. Ал наурыз айының ортасында доллар бағамы 512 теңгеге дейiн өстi. Осылайша, апта сайын зейнетақы активтерiн оң валюталық қайта бағалау қалыптасты. Салымшылар да өздерiнiң жеке зейнетақы шоттарында айтарлықтай оң инвестициялық табысты байқады. Одан кейiн ұлттық валюта нығая бастап, сәйкесiнше, доллар бағамы төмендедi. 1 маусымда 1 доллардың құны 414.67 теңге болды. Зейнетақы активтерiн қайта бағалау апта сайын және айдың соңғы күнiнде жүргiзiлетiндiктен, оны салымшылар өздерiнiң үзiндi көшiрмелерiндегi өзгерiстерден көре алады.

Нәтижесiнде қаржы нарықтарындағы келеңсiз жағдайлар мен активтердi валюталық қайта бағалау инвестициялық кiрiстiлiкке әсер етiп, соңғы 12 күнтiзбелiк айда ол 4,14% құрады.

Айта кету керек, зейнетақы жинақтары — бұл ұзақ мерзiмдi инвестициялар және инвестициялық табыстың мөлшерiн кемiнде 1 (бiр) жыл кезеңiнде талдау орынды. Қысқа мерзiмдi деректер (апта сайынғы, ай сайынғы және т.б.) — айқын нәтиже көрсетпейдi, өйткенi, ол нарықтың үнемi құбылмалығына тәуелдi.

Мысалы, 2021 жылы салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ-сына бөлiнген таза инвестициялық табыс шамамен 1,4 трлн теңгенi құрап, бұл бiр жыл iшiнде түскен жарналар мөлшерiнен асып түстi (1,3 трлн теңге). БЖЗҚ зейнетақы активтерi бойынша кiрiстiлiк ҚР Ұлттық Банкiнiң басқаруымен былтыр жыл басынан берi 11,13% көрсетсе (бұл мерзiмдi банк депозиттерi бойынша табыстылықтан жоғары), инфляция 8,4% болды.

2014 жылдың сәуiрiнен бастап 2022 жылдың 1 маусымына дейiн Ұлттық банктiң басқаруындағы кiрiстiлiк 99,94% болды. Жинақтаушы зейнетақы жүйесi құрылған күннен бастап (1998 жыл) инвестициялық табыстылық 2022 жылдың 1 маусымына өсу қорытындысымен 670,58% құраса, барлық кезеңдегi инфляция 603,68% көрсеттi. Осылайша, жинақтаушы зейнетақы жүйесi қолданысқа енген күннен бастап 2022 жылдың 1 маусымына дейiнгi кезең аралығында зейнетақы активтерiнiң нақты (яғни, инфляциядан асып түсетiн) табыстылығы 66,90% болды.

Инвестициялық басқарудың және зейнетақы активтерiн есепке алудың барлық жүйесi ашық болып табылады: әрбiр салымшы өзiнiң инвестициялық табысын enpf.kz сайты немесе мобильдi қосымшадағы жеке кабинеттен көре алады.

БЖЗҚ зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi және БЖЗҚ зейнетақы активтерi орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтындағы (www.enpf.kz) «Көрсеткiштер/инвестициялық қызмет» бөлiмiнде жарияланады.

Дата публикации
04 июля 2022
Дата обновления
04 июля 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы