БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестiң 20 отырысы 2022 жылдың 24 маусымында өттi. Күн тәртiбiнде келесi мәселелер болды: инвестициялық портфельдi басқарушылардың инвестициялық стратегиялары (ИПБ), сондай-ақ, «БЖЗҚ» АҚ 2022-2026 жылдарға арналған Корпоративтiк даму стратегиясы.
«БЖЗҚ» АҚ-мен сенiмгерлiк басқару туралы шарт жасасқан барлық 4 ИПБ ҚК мүшелерi өздерiнiң компаниялары және зейнетақы активтерiн басқарудың негiзгi бағыттары туралы баяндады. Естерiңiзге сала кетейiк, қазiргi уақытта ИПБ-ға берiлген жинақ көлемi шамамен 9 млрд теңге.
Инвестициялық портфельдердi басқару жөнiндегi компаниялар өкiлдерiнiң барлық сөздерiнiң негiзгi түйiнi, зейнетақы активтерi — бұл ұзақ мерзiмдi инвестициялар және инвестициялық қызметтiң нәтижесiн кемiнде үш-бес жылдық кезең iшiнде талдау орынды. Қазiргi қаржы және экономикалық нарықтағы құбылма жағдай уақытша сипатта, дегенмен ол дереу әрекет етудi талап етедi. «ВСС Invest» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Виктор Кышпанаковтың айтуынша, мұндай жағдайда салымшылардың жинақтарын сақтау өте маңызды. Сол себептi «ВСС Invest» АҚ геосаяси ахуалға тәуелдi активтерге инвестицияламау туралы шешiм қабылдаған. Осылайша, жоғары кiрiстiлiкке қарамастан, қақтығысқа қатысушы елдердiң қаржы құралдарына инвестиция салу әу бастан жоспарланбаған.
«Сентрас Секьюритиз» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Қамаров барлық инвестициялық басқарушылар үшiн осынау қиын-қыстау сәтте тәжiрибе алмасу алаңы ретiнде мұндай басқосулардың пайдасы зор болатынына тоқталды. Ол, сондай-ақ, қазiргi кезде табыстылықтың төмен деңгейi инвесторлардың әлемде қалыптасқан жағдайға деген терiс көзқарасы екенiн, бiрақ ұзақ мерзiмдi басымдықта ИПБ салымшыларға инфляция деңгейiнен асатын кiрiстiлiктi қамтамасыз етулерi тиiс екендiктерiн атап өттi.
Одан әрi сөз алған «Halyk Global Markets» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Виталий Хон компанияның зейнетақы активтерiн басқарудың инвестициялық стратегиясы — салымшыларға валюталық тәуекелдердi төмендетiп, активтердiң оң сипаттағы нақты құнын сақтау арқылы жылдық кiрiстiлiктi қамтамасыз ету екендiгiн жеткiздi. Сондай-ақ, «Halyk Global Markets» АҚ өкiлi қаржы құралдарын iрiктеу қағидаттарына және зейнетақы активтерiн басқару кезiнде басқарушы компаниялар тап болатын қиыншылықтарға егжей-тегжейлi тоқталды. Мысал ретiнде активтердi тәуелсiз бағалау бөлiгiндегi нормативтiк-құқықтық актiлердiң жетiлмегендiгiн, басқарудағы активтер көлемiмен салыстырғандағы басқаруға кететiн шығындар мен кастодиан-банктi таңдау кезiнде қойылған шектеулердi алға тартты.
«Jusan Invest» АҚ Басқарма төрағасы Максим Кабанов қазiр қаржы және инвестиция туралы барлық ақпаратты қарапайым тiлде жеткiзудiң өте маңызды екенiн атап өттi: «Шын мәнiнде, қаржы нарығы өте күрделi. Бiз қазiр халыққа өздерiнiң зейнетақы активтерiне салым салудың маңызды әрi оның әлемдiк тәжiрибесi мол екенiн жеткiзуге тырысып жатырғанымызбен азаматтардың 90% ол жайында айтылғанның барлық қыр-сырын түсiне бермейдi.». Максим Кабанов модельдiк портфельдiң жиынтық кiрiстiлiгi мен бастапқы және қайталама тұрғын үй бағасының жиынтық өзгеруiн салыстыра отырып, инвестициялаудың алғашқы түрiнiң пайдалы екенiн атап көрсетiп, ұзақ мерзiмдi инвестициялау құралдарының мысалдарын келтiрдi.
ИПБ өкiлдерiнiң пiкiрлерiн талқылау барысында Кеңес мүшелерi ҚР Ұлттық Банкi мен ИПБ басқаруындағы портфельде зейнетақы активтерiн бағалаудың бiрыңғай әдiстемесiн ұстануды немесе есептiлiкте қаржы құралдарын бағалаудың әр түрлi тәсiлдерiн атап өтудi ұсынды.
Сонымен қатар, Кеңес мүшелерi ИПБ таңдау кезiнде ең төменгi жеткiлiктiлiк шегiмен шектелмей, БЖЗҚ салымшыларының ауқымын ұлғайту үшiн инвестициялық мүмкiндiктердi кеңейтудi ұсынды. Бұл бастамаға қатысты «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов зейнетақы қаражаты зейнетақы жүйесiнен алынатын тұрғын үй мен емделу мақсатына қарағанда, , ИПБ-ға аударылған кезде ақшаның жүйеде қалатынын және оның нысаналы мақсаты сақталатынын атап өттi. Осыған байланысты қаржы нарығымен бiрлесiп ҚҚҚ (Қазақстан қаржыгерлерi қауымдастығы) алаңында зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн ең төменгi жеткiлiктiлiк шегiне байланыстырмай-ақ, ИПБ-ға аударуға болатындай етiп, шарттарды өзгерту туралы ұсыныс қаралуда. Бұл ретте болашақта жеткiлiктiлiк шектiң мөлшерiн есептеу зейнетақы аннуитеттерiнiң құнына негiзделсе дұрыс болуы мүмкiн екенi айтылды.
«БЖЗҚ» АҚ алдағы 5 жылға арналған Даму стратегиясы туралы Кеңес мүшелерiне Қордың Стратегиялық даму департаментiнiң директоры Камиля Фазылова баяндады. Ол enpf.kz корпоративтi сайтында директорлар кеңесiнiң шешiмiмен бекiтiлген 2022-2026 жылдарға арналған жаңа Корпоративтiк даму стратегиясы жарияланғанын жеткiздi. Алдыңғы Корпоративтiк стратегия 2017 жылы бекiтiлiп, БЖЗҚ-ның 2021 жылға дейiнгi кезеңге арналған мақсаттары мен мiндеттерi толық орындалған болатын.
Жаңа стратегияда БЖЗҚ-ның жинақтаушы зейнетақыны қалыптастыру мен жоспарлауда әр салымшымен жеке қарым-қатынас жасап, жоғары технологиялық қаржы институты ретiнде өз дамуын жалғастыратыны көзделген.
2022-2026 жылдарға арналған Корпоративтiк даму стратегиясы «Қазақстан-2050» Мемлекеттiк стратегиясына, Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесiн одан әрi жаңғыртудың 2030 жылға дейiнгi Тұжырымдамасына, қаржылық технологиялар мен инновацияларды дамыту жөнiндегi 2020-2025 жылдарға арналған Тұжырымдамасына сәйкес әлеуметтiк саясат қағидаттарына негiзделедi.
Стратегияға сәйкес БЖЗҚ өзiнiң миссиясын «Зейнетақы жинақтарын сенiмдi есепке алу және әрбiр салымшыға қолжетiмдi сапалы зейнетақы қызметтерiн көрсету» деп айқындайды. Бұл миссияны орындау адамға және тұтынушыға бағытталып, сапа, технология, сенiмдiлiк, жауапкершiлiк пен ашықтыққа негiзделген. Баяндамашы Қордың алдағы бес жылда мақсаттарға қол жеткiзуi және мiндеттердi орындауы ең алдымен, салымшылар мен алушылар үшiн нәтиже беретiнiн, өйткенi, салымшылардың Қор жұмысына қанағаттанып, сенiмдi, қолжетiмдi және жоғары технологиялық қызметтер алуы — БЖЗҚ-ның сапалы еңбек етуiнiң басты белгiсi екенiн атап кеттi.
Басқосудың барлық материалдары, оның iшiнде ИПБ таныстырылымдары Қордың enpf.kz сайтындағы «Қоғамдық кеңес» — «Отырыстардың хаттамалары, тұсаукесерлер» бөлiмiнде ұсынылған.