Тақырып: «Зейнетақы активтерін басқару: Зейнетақы активтері қалай және қайда инвестицияланады?»
БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы активтері үздіксіз инвестицияланады және салымшыға жұмыс істейді. Өткен жылдың өзінде ғана 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 1 қаңтарға дейінгі таза инвестициялық табыс есебінен зейнетақы жинақтарының өсімі 1,4 трлн теңгеге жетті. Қазақстан Ұлттық Банкінің басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік – 8,4% инфляция кезінде 11,13%.
Инвестициялық табыс құрамына бағалы қағаздар (салымдар мен басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі табыс, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау түріндегі табыс, валюталық қайта бағалау түріндегі табыс, сыртқы басқарудағы активтер бойынша табыс және т.б. кіретінін еске саламыз.
Салымшылардың зейнетақы жинақтарының сомасы апта сайын зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижесіне сәйкес қайта есептеледі және қайта бағаланады. Инвестициялық табыс құрамына бағалы қағаздар (салымдар мен басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі табыс, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау түріндегі табыс, валюталық қайта бағалау түріндегі табыс, сыртқы басқарудағы активтер бойынша табыс және т.б. кіреді.
Ұлттық банкпен қатар 2021 жылдан бастап БЖЗҚ салымшылары өз жинақтарының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушы (ИПБ) компанияларға аудара алатынын айта кетейік. Қазір БЖЗҚ төрт ИПБ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасады. БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алған соң ИПБ да оларды рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайтынын еске саламыз.
Зейнетақы активтерін инвестициялау жүйесінің қалай жұмыс істейтінін білгіңіз келе ме? 28 маусымда өтетін іс-шарамызға қосылыңыз.
Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет:
Содан кейін әр сессия үшін event-кеңестің нөмірі мен паролін жеке енгізу:
Бірінші сессия 28 маусымда сағат 10:00-де өткізіледі:
Event-кеңес нөмірі: 2511 096 0739
Оқиға паролі: SKOF
Екінші сессия 28 маусымда сағат 12:00-де өткізіледі:
Event-кеңес нөмірі: 2513 131 4595
Оқиға паролі: SKOF
Үшінші сессия 28 маусымда сағат 14:00-де өткізіледі:
Event-кеңес нөмірі: 2517 355 2273
Оқиға паролі: SKOF
Төртінші сессия 28 маусымда сағат 16:00-де өткізіледі:
Event-кеңес нөмірі: 2516 656 9141
Оқиға паролі: SKOF
«БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушыларын және Ашық есік күніне қатысқысы келетіндердің барлығын күтеді!