Меню

Страницы

Статья

Назар аударыңыз! Алаяқтар мессенджерлерде жалған хабарламалар таратуда

Жаңа алаяқтық айла-шарғы пайда болды. БЖЗҚ салымшылары өздерін Қор қызметкеріміз деп таныстырған делдалдардан қолқа түскенін хабарлауда. Олар ақшасын төлесеңіз тұрғын үйге немесе емделуге зейнетақы жинақтарын алып беруге көмектесеміз деп уәдені үйіп төккен. Қордың 30-ға жуық салымшысы осы заңсыз әрекеттердің құрбаны болды.

Бұдан басқа, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жылжымайтын мүлікті зейнетақы жинақтары есебінен тұтыну кооперативтері немесе өзге де компаниялар арқылы сатып алу туралы жалған ақпарат таратылуда.

Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін тұрғын үй мен емделуге пайдалану мүмкіндігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген уәкілетті операторлар арқылы электрондық форматта ғана іске асырылатынын еске саламыз.

Қазіргі уақытта зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалануға өтініштер қабылдайтын уәкілетті операторлар: «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ болып табылады. Ал зейнетақы жинақтарын емдеуге пайдалану үшін өтініш қабылдайтын бірыңғай оператор – «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ екенін естеріңізге саламыз.

БЖЗҚ тұрғындарға зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін үшінші тұлғаларға жүгінбеуге, күдікті сілтемелер арқылы бейтаныс сайттарға өтпеуге кеңес береді, әрі ақпаратты тек enpf.kz сайтынан немесе БЖЗҚ-ның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан ғана тексеруді ескертеді.

Атап кететін жәйт, БЖЗҚ-ның барлық қызметтері (соның ішінде жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмелер беру, шоттар ашу, зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға аудару жөніндегі өтініш, деректемелерді өзгерту және т.б.) тегін ұсынылады!

Дата публикации
15 февраля 2022
Дата обновления
15 февраля 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы