Халықтың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылық деңгейiн және олардың «БЖЗҚ» АҚ-ға деген сенiм дәрежесiн айқындайтын жыл сайынғы тәуелсiз әлеуметтiк зерттеудiң қорытындысы шықты.
Зерттеу Қазақстанның 14 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаланың тұрғындары арасында, қала және ауыл жұртшылығына телефон арқылы және тiкелей сауалнама жүргiзудi қоса алғанда, аралас жүргiзiлдi. Барлығы 3000 респонденттен сұхбат алынды, оның 48,52% ер азаматтар, яғни 1 455 адам. Ал әйелдер сәл көп болды — 1 545 адам (51,48%). Респонденттердiң әлеуметтiк мәртебесi жағынан үлесi мынадай: жалдамалы қызметкерлер 2 085 адам (69,5%), өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар 768 адам (25,6%) және жұмыссыздар 147 адам (4,9%).
Респонденттердi қызмет салалары бойынша бөлсек, сұралғандардың арасында 572 адам (немесе 19,07%) коммерциялық бизнес саласында жұмыспен қамтылған, одан әрi ауыл шаруашылығы саласында жұмыс iстейтiн қызметкерлер — 463 респондент (немесе 15,43%), бiлiм беру және тәрбие саласының қызметкерлерi — 452 респондент (немесе 15,07%), мемлекеттiк сала қызметкерлерi — 334 респондент (немесе 11,13%). Сұрау салынғандардың арасында ғылым саласында жұмыс iстейтiндер бәрiнен де аз болып шықты — 27 респондент (немесе сауалнамаға қатысқан адамдардың 0,90%).
Зерттеу сауалнамасының негiзгi бөлiгi Қазақстан халқының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылығын анықтауға, сондай-ақ, Қазақстанның зейнетақы жүйесi мен БЖЗҚ-ға деген сенiм дәрежесiн анықтауға бағытталған 25 сұрақтан тұрды.
Зейнет жасындағы қаржылық әл-ауқаттың негiзгi көзiне қатысты халықтың пiкiрi бiрiншi сұрақта көрiнiс тапты. Бұл ретте сауалдың негiзгi мақсаты — респонденттердiң зейнетке шыққан кезде өздерiнiң болашағы үшiн жеке жауапкершiлiгiн қаншалықты түсiнетiнiн және оған қаншалықты көңiл бөлетiндерiн анықтау болды.
Жүргiзiлген сауалнама көрсеткендей, көпшiлiк қаржылық әл-ауқаттарының негiзгi көзi мемлекеттен және БЖЗҚ-дан төленетiн зейнетақы болады деген пiкiрдi ұстанады. 2271 адам немесе сауалнамаға қатысушылардың 75,70% осылайша жауап бердi. 288 респондент (9,60%) өз бизнесiне сүйенедi, ал БЖЗҚ-дағы жинақтарынан басқа, өзге де жинақтарға 244 респондент немесе сұралғандардың 8,13% үмiт артады.
Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылық: базалық және iлгерi деген екi деңгей бойынша талданды.
Қазақстандықтар базалық деңгей бойынша көптеген сұрақтарға дұрыс жауап бердi. Жүргiзiлген сауалнамаға сәйкес, респонденттердiң басым бөлiгi — 1475 адам (49,17%) «БЖЗҚ» АҚ мiндетi — салымшылардың мiндеттi және ерiктi зейнетақы жарналарын шоғырландыру, зейнетақы жинақтарының жеке есебiн жүргiзу, зейнетақы жинақтары есебiнен зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру болып табылады деп дұрыс айқындады. Респонденттер сондай-ақ, зейнетақы жарналарының түрлерi, төлемдер мен зейнетке шығу жасы туралы жақсы хабардар болып шықты.
1317 респондент (немесе сұралғандардың 43,9%) Қазақстанның барлық азаматтарына кепiлдiк берiлген мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi туралы, еңбек өтiлi бойынша мемлекеттiк еңбек (ортақ) зейнетақы жөнiнде, сондай-ақ, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары, ерiктi зейнетақы жарналарынан қалыптастырылған жұмыскердiң меншiктi зейнетақы жинақтары есебiнен БЖЗҚ-дан төленетiн зейнетақы төлемдерi туралы құлағдар екен.
Жалпы алғанда, базалық деңгейдегi бiлiм коэффициентi 69,9% құрады, ол 62,0% болған былтырғы көрсеткiштен асып түстi.
Iлгерi деңгейдi бағалау үшiн сұрақтар күрделене түстi. Олардың жауаптары да әр түрлi болды. Мысалы, сауалнама көрсеткендей, сұралғандардың басым бөлiгi немесе 1187 респондент (39,57%) зейнетақы активтерiн инвестициялауды тек ҚР Ұлттық Банкi жүзеге асырады деп санайды. Бұдан едәуiр аз адам — 738 респондент (24,60%) инвестициялық табыс алу үшiн зейнетақы активтерiн инвестициялауға қатысты ИПБ мiндетiнен хабардар екен. Сонымен қатар, 721 респондент (24,03%) инвестициялық табыс алу үшiн зейнетақы активтерiн инвестициялауды БЖЗҚ жүзеге асырады деген қате пiкiрдi ұстанады.
Респонденттердiң басым бөлiгi инвестициялық табыстың мөлшерi бағалы қағаздар бойынша есептелген сыйақыға, бағалы қағаздардың нарықтық құнының және шетел валюталары бағамының өзгеруiне байланысты өзгеретiнi, бұл ретте инвестициялық кiрiстiң қор нарқындағы ахуалға байланысты оң да, терiс те болуы мүмкiн екендiгiнен хабардар (1252 респондент немесе сұралғандардың 41,73%). Сондай-ақ, респонденттердiң басым бөлiгi зейнетақы жинақтарының қандай да бiр инвестициялық активтерге салынатынын және инвестициялық табыс есебiнен көбейетiнiн бiлетiндерiн көрсеттi (1307 респондент немесе сұралғандардың 43,60%).
Нәтижесiнде, халықтың зейнетақы жүйесi туралы хабардар болуының iлгерi деңгейiнiң жалпы бiлiм коэффициентi 43,4% құрады, бұл былтырғы көрсеткiштен бiр жарым есе жоғары. Еске сала кетсек, былтыр ол 27,5% көрсеткен болатын.
Жалпы, зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы халықтың қаржылық сауаттылық деңгейi зерттеу барысы көрсеткендей, жұртшылықтың едәуiр бөлiгiнiң қаржылық сауаттылық бойынша базалық бiлiмдерi бар және ол жыл сайын артып келедi. Бұл жолғы зерттеуде iлгерi деңгейдегi бiлiмнiң едәуiр өскенi атап өтiлдi.
Дәстүр бойынша жинақтаушы зейнетақы жүйесi мен БЖЗҚ-ға деген сенiм деңгейi шамамен бiрдей мәнге ие. Яғни, респонденттер үшiн БЖЗҚ — жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады, әрi олардың БЖЗҚ-ға жинақтаушы зейнетақы жүйесiн жүзеге асыру операторы ретiнде қарайтындарын көруге болады. 2021 жылы Қорға деген сенiмнiң орташа деңгейi 5,8 баллды құрады (ең төменгi мәнi 1, ең жоғарғы мәнi 10 балл), яғни нәтиже орташадан жоғары. Бұл жолы ең жоғары балл Батыс Қазақстан (6,8), Қарағанды (6,6) және Шығыс Қазақстан (6,5 балл) облыстарында тiркелдi.
Халықтың елiмiздiң жинақтаушы зейнетақы жүйесiне деген сенiм деңгейi де 5,8 балды құрады. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар бөлiнiсiнде Батыс Қазақстан (6,7 балл), Шығыс Қазақстан (6,6 балл), Қарағанды (6,4) және Жамбыл (6,2) облыстарында тұратын респонденттер зейнетақы жүйесiне ең көп сенiм бiлдiрдi.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесi және БЖЗҚ қызметi туралы ақпарат көздерi жөнiнде де сауалнама жүргiзiлдi. Нәтижесiне сүйенсек, жауап берушiлердiң көпшiлiгi ақпаратты (жаңалықтарды) әлеуметтiк желiлер мен мессенджерлер арқылы алуға бейiм — 1324 рет аталынған (барлық жауаптың 44,1%), одан сәл азырақ — теледидар арқылы — 1305 рет аталынған (43,5%). Ең танымал ақпарат көздерi арасында үшiншi орында — ақпараттық және өзге де сайттар — 384 рет аталынған (12,8%).
«БЖЗҚ» АҚ қызметi туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгiн зерттеу нәтижесiне сүйенсек, сауалнамаға қатысушылардың басым бөлiгi Қор жайында ақпарат алуды жұрттың барлығы үшiн еш қиындықсыз оңай деп санайды (1817 адам немесе жауап бергендердiң 60,57%).
Сұрау салынған азаматтар өз жинақтары туралы ақпарат алу мәселесiне қатысты ХҚО-ға (1712 рет аталған) немесе БЖЗҚ-ға жеке жүгiнудi (1624 жауап берушi атап өткен) таңдайды. Респонденттердiң пiкiрiнше, жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы ақпарат алудың үшiншi неғұрлым оңтайлы тәсiлi — электрондық мекенжайға үзiндi көшiрме алу (1280 рет аталған), бұдан әрi — мобильдiк қосымша арқылы ақпарат алу нұсқасы (1205 рет аталған) келтiрiледi.
Зерттеу нәтижелерiн ескере отырып, БЖЗҚ-ға және жалпы жинақтаушы зейнетақы жүйесiне деген сенiмдi одан әрi нығайту жөнiндегi стратегиялық мiндеттердi iске асыру барысында БЖЗҚ ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын одан әрi жалғастыра беретiн болады.