Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жұртшылық арасында жүргiзетiн қарқынды ақпараттық-түсiндiрме жұмыстарының аясында алтыншы жыл қатарынан қаржы журналистикасы мектебiнiң курсын өткiзiп келедi. Ондағы мақсат — халықтың қаржылық сауаттылығын арттырып, БЖЗҚ қызметi, жинақтаушы зейнетақы жүйесi мен зейнетақы заңнамасындағы өзгерiстер жайлы хабардар етiп отыру.
Қаржылай сауаттылық бойынша дәрiстер игi дәстүрге айналды, коронавирус iндетiне қарамастан ол БАҚ өкiлдерiне онлайн-форматта берiле бастады. Мектептiң негiзгi аудиториясы — журналистер, блогерлер мен журналистика факультеттерiнiң студенттерi, өйткенi, халыққа ақпарат таратуда олар аса маңызды орын алады.
Шара виртуалды кеңiстiкте өттi. Мектепке қатысушылар көптеген пайдалы мәлiметке қанық болып, қойылған сұрақтарына тұщымды жауап алды. Қазақ және орыс тiлдерiнде екi күн бойы жалғасқан шараға барлығы 100 тарта қатысушы бас қосты.
Оларға түрлi тақырыптар бойынша оқыту курстары ұсынылды:
Сонымен қатар, Қазақстанның Ұлттық Банкiмен бiрлесiп ҚРҰБ зейнетақы активтерiн басқару бойынша модульдiң таныстырылымы өттi.
Естерiңiзге сала кетсек, биыл жинақтаушы зейнетақы жүйесiнде жаппай өзгерiстер орын алған болатын. Осыған орай БЖЗҚ мамандары курс барысында мектепке қатысушыларға күрделi қаржы көрсеткiштерi мен статистикалық мәлiметтер, заңнамадағы өзгерiстер жайында тарқатып айтып бердi. Өткiзiлген оқыту шарасы айқын да, шынайы журналистiк материалдардың жариялануына, әрi Қордың ақпараттық-түсiндiрме жұмысына септiгiн өз тигiзедi деген үмiттемiз.
Баса назар аударатын жәйт, БЖЗҚ қаржы журналистикасы мектебiнде көрсетiлген барлық материалдарды www.enpf.kz корпоративтiк сайтында «Қоры туралы» бөлiмiнде, әрi қарай «Баспасөз орталығы» — «Арнайы жобалар» қосымшасынан немесе https://www.enpf.kz/kz/about/press-center/projects/school-2021.php сiлтемесiнен жүктеп алуға болады.