Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ салымшылары бiр жыл iшiнде 1 триллион теңгеден астам табыс алды

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтары 2021 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 13,1 триллион теңгеден асты. Бұл сома зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтиды.

Зейнетақы жинақтарының едәуiр өсуi 2021 жылғы 1 қаңтардан 1 қазанға дейiн 1 триллион теңгеден асқан таза инвестициялық табыстың арқасында қамтамасыз етiлдi. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерi бойынша кiрiстiлiк жыл басынан берi 8,89%, ал инфляция 6,2% болды. Бұл ретте соңғы 12 айда инфляция 8,9% болса, кiрiстiлiк 10,08% көрсеттi.

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы активтерiн инвестициялау нәтижелерiне сәйкес апта сайын қайта есептеледi және қайта бағаланады. Инвестициялық табыстың құрамына бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау, валюталық қайта бағалау түрiндегi кiрiстер, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кiрiстер және т. б. кiредi.

Жалпы барлық зейнетақы активтерi БЖЗҚ-ға бiрiктiрiлген сәттен бастап, Ұлттық банк қамтамасыз еткен инвестициялық табыс 5,8 трлн теңгеден асты. Бұл ретте инвестициялық табыстылық жинақтаушы зейнетақы жүйесi құрылған күннен бастап (1998 жыл) 2021 жылдың 1 қазанындағы өсу қорытындысымен 665,38% , инфляция 533,64% болды. Осылайша, жинақтаушы зейнетақы жүйесi енгiзiлген кезден 2021 жылдың 1 қазанына дейiн зейнетақы активтерiнiң нақты кiрiстiлiгi 131,74% көрсеттi.

Айта кету керек, зейнетақы жинақтары — бұл ұзақ мерзiмдi инвестициялар, сондықтан инвестициялық табыстың мөлшерiн кемiнде 1 (бiр) жыл кезеңiнде талдаған орынды. Қысқа мерзiмдi деректер (күнделiктi, ай сайынғы және т.б.) көрсеткiш болып табылмайды, өйткенi, олар күнделiктi нарықтық жағдайға байланысты.

Инвестициялық басқару мен зейнетақы активтерiн есепке алудың барлық жүйесi ашық: әрбiр салымшы өзiнiң инвестициялық табысын enpf.kz сайтындағы жеке кабинет немесе ұялы қосымшаның көмегiмен бақылай алады. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару және зейнетақы активтерi орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың ресми сайтындағы (www.enpf.kz) «Көрсеткiштер/Инвестициялық қызмет» бөлiмiнде жарияланып отырады.

БЖЗҚ салымшылары өз жинақтарының бiр бөлiгiн Ұлттық банктен басқа инвестициялық портфельдi басқарушы (ИПБ) компанияларға аудара алады. Қазiргi уақытта БЖЗҚ төрт ИПБ-мен зейнетақы активтерiн сенiмгерлiк басқару туралы шартқа отырды. Сiз бұл туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын enpf.kz веб-сайтындағы «Қызметтер» — «Инвестициялық портфельдi басқарушылар тiзiлiмi» бөлiмiнен көре аласыз.

БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерiн басқаруға алғаннан кейiн ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекiтiлген Инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру қағидаларында көрсетiлген және ИПБ инвестициялық декларациясында көзделген рұқсат етiлген қаржы құралдарына инвестициялайды.

Айта кетейiк, «Jýsan Invest» АҚ сенiмгерлiк басқаруындағы зейнетақы активтерi қызметi басталғаннан берi (2021 жылғы 15 наурыз) 2021 жылдың 1 қазанына дейiн 4,1% деңгейiнде табыстылық көрсеттi. «Halyk Global Markets» АҚ сенiмгерлiк басқаруындағы зейнетақы активтерiнiң осы кезеңдегi табыстылығы — 4,9%; «BCC Invest» АҚ — 4,5%. Ал «Сентрас Секьюритиз» АҚ зейнетақы активтерiн 2021 жылдың 1 сәуiрiнен бастап басқарады, осы уақыт iшiндегi инвестициялық табыстылық 6,6% болды.

Салымшы зейнет жасына толғанға дейiн Ұлттық Банктiң басқаруында болатын зейнетақы жинақтарына инфляция деңгейi ескерiлiп отыратын сақталу кепiлдiгi қолданылады. Зейнетақы жинақтары ИПБ-ның басқаруына аударылған жағдайда, мемлекеттiк кепiлдiк басқарушы компанияның зейнетақы активтерiнiң ең төменгi кiрiстiлiк деңгейiн қамтамасыз ететiн кепiлдiгiмен алмастырылады. Кiрiстiлiктiң ең төменгi деңгейi нарықта әрекет ететiн ИПБ-ның басқаруына берiлген зейнетақы активтерiнiң орташа алынған кiрiстiлiгiн негiзге ала отырып есептелiнедi.

Дата публикации
29 октября 2021
Дата обновления
29 октября 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы