Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылдың жетi айында өз салымшыларына 24 миллионнан аса қызмет көрсеттi. Бұл өткен 2020 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 47% көп.
Салымшылар мен алушыларға электрондық форматта көрсетiлген қызметтер бұрынғысынша басымдыққа ие. Жыл басынан берi сандық технологиялардың көмегiмен шамамен 17,3 миллиондай қызмет көрсетiлдi, ол жалпы көлемнiң 72% тең. Былтырғы жылмен салыстырғанда, онлайн қызметтердiң танымалдылығы бiр жарым еседен аса өстi.
БЖЗҚ өз қызметтерiнiң көптеген түрлерiн автоматты форматқа ауыстыруда. Қазiр мiндеттi және ерiктi зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шоттарын Қорға жүгiнбей-ақ, автоматты режимде (алғашқы жарна түскен кезде) ашуға болады. Уәкiлеттi операторлардан түскен өтiнiштер бойынша арнайы шоттарға бiржолғы зейнетақы төлемдерi де аударылып, тағы басқа да қызметтер көрсетiледi. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 тамызына дейiнгi аралықта осындай операциялардың шамамен 4,3 миллионы iске асырылды, ол барлық көрсетiлген қызметтер көлемiнiң 17,7%.
Салымшыларға шамамен бiр жарым миллиондай қызмет жүзбе-жүз көрсетiлдi. Олардың iшiнде 1,4 миллион қызмет тiкелей Қордың қызмет көрсету кеңселерiнен алынды. Ол былтырғы жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда бiр жарым есе артық.
Қорда, сондай-ақ, барып қызмет көрсету бөлiмдерi де iске қосылған. Олар қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып жұмыс iстейдi. Бұл ретте алдын ала кеңес беру (оның iшiнде қызметтердi онлайн алу мүмкiндiгiн тексеру) жүзеге асырылады. Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу (оның iшiнде мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарнасы есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтiнiштер) және халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататын салымшыларға (алушыларға) қызмет көрсету (1 және 2-топтағы мүгедектiгi бар адамдар) туралы өтiнiштердi ресiмдеу үшiн барып қызмет көрсетуге қажеттiлiк туындаған жағдайда, Қор мамандары барлық санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, сапарға шығады. Барып қызмет көрсету барысында 2021 жылдың басынан бастап 46 247 операция жүзеге асырылды.
БЖЗҚ-ның ең танымал қызметi — жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алу. ЖЗШ-дан үзiндi көшiрме 21 миллионнан артық рет берiлдi, олардың 71% көбi электрондық форматта iске асырылған.
Ақпараттық-түсiндiру жұмыстары аясында БЖЗҚ мамандары қажеттi мекенжайлар бойынша 8,4 мыңға жуық тұсаукесердi барып көрсеттi, оларға 170 мыңдай адам қатысты. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты мекемелер мен ұйымдардағы тұсаукесерлер онлайн және офлайн форматта өткiзiлуде.
Осы кезең iшiнде БАҚ-та 20 мыңнан аса ақпараттық-түсiндiру материалдары жарияланды.
БЖЗҚ сапалы кеңес беру қызметтерiн ұсынуға және Қордың салымшылары мен алушылары үшiн ақпараттық арналарды дамытуға ерекше көңiл бөледi. 2021 жылдың жетi айында керi байланыс арналары арқылы салымшылардың 1 миллионнан аса өтiнiшi тiркелдi, ал былтырғы жылмен салыстырғанда берiлген кеңес саны 23,7% артық.
Естерiңiзге сала кетейiк, БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмiрi (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегiн) арқылы байланыс орталығында кеңес ала алады. Сондай-ақ, ақыл-кеңестердi www.enpf.kz корпоративтiк сайтынан, +7 777 000 14 18 нөмiрi бойынша WhatsАpp және Viber чат-боты арқылы алуға болады, түрлi ақпараттар Facebook, Instagram, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтiк желiлерiндегi БЖЗҚ-ның ресми парақшаларында да жарияланған.