Ағымдағы жылы БЖЗҚ «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясымен зейнеткерлiк жасқа толған, жасына байланысты зейнетақы төлемдерi және бюджет қаражаты есебiнен мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi тағайындалған, бiрақ зейнетақы жинақтарын төлеу үшiн БЖЗҚ-ға өтiнiш бермеген адамдардың уәкiлеттi органның халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы ақпараттық жүйесiнде бар екендiгiн салыстырып тексерудi жүзеге асыра бастады. Салыстырып тексеру, сондай-ақ, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiн алу бойынша белсендi қызмет көрсету үшiн мемлекеттiк деректер базасында тiркелген алушылардың уәкiлеттi органда ұялы байланыс нөмiрлерiнiң бар болуына жүргiзiлетiн болады.
2018 жылғы 11 қазаннан бастап зейнеткерлiк жасқа толуға байланысты бiрыңғай өтiнiш беруге болатын «бiр терезе» қағидаты бойынша композиттiк қызмет енгiзiлгенiн еске саламыз. Оның аясында зейнеткерлiк жасқа толған алушы бiрыңғай өтiнiшпен және құжаттар топтамасымен Мемлекеттiк корпорация бөлiмшелерiне (яғни ХҚО-ға) жүгiнедi.
Алайда БЖЗҚ ақпараттық жүйелерiнде Қордан төлемдер жүзеге асырылмайтын 200 мыңнан аса шот (200 160) бар. Бұл ретте зейнеткерлiк жасқа жеткен азаматтар бюджеттен қаражаттарын алып жатыр. Олардың көпшiлiгi зейнеткер қатарына 2018 жылдың 11 қазанына дейiн қосылған.
БЖЗҚ салымшылардың деректерiн сәйкестендiру бойынша жұмыстар жүргiзiп, 2021 жылғы 1 сәуiрден бастап Қордан төлемдер жүзеге асырылатын тұлғалардың тiзiмiн жасақтады. Ендi осы санатта бар адамдардың телефон нөмiрлерiне (ол мобильдi азаматтар базасында тiркелуi тиiс) БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiн тағайындау бойынша белсендi қызмет көрсету ұсынылған sms-хабарлама жолданады. Келiсiм алынғаннан кейiн бұл азаматтарға БЖЗҚ-дан төлемдер Мемлекеттiк корпорацияға алушылардың жасына байланысты зейнетақы төлемдерi мен мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемдерiн тағайындау кезiнде ұсынған банк шоттарына жiберiлетiн болады.
Зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру қағидаларының ережелерiне сәйкес БЖЗҚ-дан мiндеттi зейнетақы жарналары мен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерi ай сайын белгiленген кесте бойынша жүзеге асырылады.
Ай сайынғы зейнетақы төлемiнiң мөлшерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысымен бекiтiлген Зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiне (бұдан әрi — Әдiстеме) сәйкес есептелген зейнетақы төлемдерiнiң жылдық сомасының он екiден бiр бөлiгi ретiнде айқындалады. Әдiстемеге сәйкес 2021 жылдың 1 сәуiрiнен бастап зейнетақы төлемдерiн жүзеге асырудың бiрiншi жылындағы зейнетақы төлемдерiнiң жылдық сомасы зейнетақы жинақтары сомасының зейнетақы жинақтары төлемдерiнiң мөлшерлемесiне көбейтiндiсi ретiнде есептелетiн болады — 6,5 %.
Одан кейiнгi жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемiнiң мөлшерi өткен жылғы ай сайынғы зейнетақы төлемiнiң мөлшерiн зейнетақы төлемдерiн индекстеу мөлшерлемесiне жыл сайын арттыру жолымен қайта есептелетiн болады — 5%.
Бұл ретте ай сайынғы зейнетақы төлемiнiң есептелген мөлшерiнiң төлемi республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң 70 пайызынан кем емес мөлшерде жүзеге асырылады (2021 жылы — 24 011,40 теңге = 70% * 34 302).
Егер өтiнiш берiлген күнгi зейнетақы жинақтарының сомасы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен зейнетақының он екi еселенген мөлшерiнен аспаған жағдайда, бұл сома алушыға БЖЗҚ-дан бiр рет төленедi (2021 жылы — 519 264 теңге = 12 * 43 272).
Егер кезектi ай сайынғы төлем жүзеге асырылғаннан кейiн ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарының қалдығы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң 70 пайызынан аз соманы құраған жағдайда, бұл қалдық кезектi төлемнiң сомасымен бiрге төленедi.