2021 жылғы қаңтардан бастап азаматтарға өздерiнiң зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу үшiн ғана емес, сондай-ақ, басқарушы компанияларға (инвестициялық портфельдi басқарушы — ИПБ) инвестициялық басқаруға беру үшiн де пайдалану құқығын беретiн заңнамалық нормалар күшiне ендi.
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттiгi:
Салымшы сондай-ақ, қолданыстағы ИПБ тiзбесiмен және олар ұсынатын инвестициялық декларациялармен БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайтында таныса алады.
Зейнетақы жинақтарын сенiмгерлiк басқаруға беру үшiн:
ИПБ тарапынан:
1) уәкiлеттi орган — Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттiгiнiң нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген талаптарға сәйкестiгi;
2) ИПБ уәкiлеттi органдар тiзiлiмiне енгiзiлуi;
3) БЖЗҚ мен ИПБ арасында жасалған зейнетақы активтерiн сенiмгерлiк басқару туралы шарттың болуы;
4) БЖЗҚ, ИПБ және кастодиан-банк арасында жасалған кастодиандық шарттың болуы керек.
салымшы тарапынан:
1) салымшының БЖЗҚ-ға берген ИПБ таңдау туралы жазбаша өтiнiшiнiң болуы;
2) салымшының БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотында ИПБ-ға беру үшiн жеткiлiктi қаражаттың болуы тиiс.
Салымшының зейнетақы жинақтары ИПБ басқаруына:
Зейнетақы жинақтарын бiр немесе бiрнеше ИПБ-ға аудару үшiн салымшы БЖЗҚ-ға өтiнiшпен жүгiнуi қажет. Өтiнiш БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы немесе БЖЗҚ-ның кез келген өңiрлiк бөлiмшесiне өзi келiп, өтiнiш бiлдiргенде берiлуi мүмкiн.
БЖЗҚ жеткiлiктiлiк сомасынан асатын зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн салымшыдан өтiнiш келiп түскен күннен кейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде ИПБ-ның сенiмгерлiк басқаруына аударуды жүзеге асырады. Салымшының зейнетақы жинақтарының қалған бөлiгi Ұлттық банктiң басқаруында қала бередi.
ИПБ-ның инвестициялық басқаруына берiлген зейнетақы жинақтары бiржолғы зейнетақы төлемдерi түрiне жатпайды (тұрғын үй жағдайларын жақсарту және/немесе емделу мақсаттарына алынған жағдайдағыдай) және оларға ИПБ-ға аударған кезде жеке табыс салығы салынбайды.
БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерiн алғаннан кейiн ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекiтiлген Инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру қағидаларында көрсетiлген және ИПБ инвестициялық декларациясында көзделген, яғни рұқсат етiлген қаржы құралдарына инвестициялайды.
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға сәйкес, ИПБ инвестициялық басқарғаны үшiн комиссиялық сыйақы алуға құқылы. ИПБ сыйақысының шектi шамасы алынған инвестициялық табыстың 7,5% — ынан аспауы керек. Комиссиялық сыйақының нақты шамасын жыл сайын ИПБ-ның басқарушы органы бекiтетiн болады және ол жылына көп дегенде бiр рет өзгеруi мүмкiн.
Зейнетақы активтерiн ИПБ-ның сенiмгерлiк басқаруына алғаш бергеннен кейiн салымшы:
Салымшы зейнет жасына жеткенге дейiн күнтiзбелiк 10 күн бұрын салымшының зейнетақы жинақтары Ұлттық Банктiң инвестициялық басқаруына қайтарылады.
Зейнетақы жинақтары Ұлттық банктiң басқаруында болған кезеңде салымшы зейнет жасына жеткенге дейiн инфляция деңгейiн ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сақталуына кепiлдiк қолданылады. Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына аударған кезде мемлекет кепiлдiгi басқарушы компанияның зейнетақы активтерi кiрiстiлiгiнiң ең төменгi деңгейiн қамтамасыз ету жөнiндегi кепiлдiгiмен ауыстырылады. Кiрiстiлiктiң ең төменгi деңгейi нарықта әрекет ететiн ИПБ-ның басқаруына берiлген зейнетақы активтерiнiң орташа алынған кiрiстiлiгiнен есептелетiн болады. Зейнетақы активтерi бойынша ең төменгi кiрiстiлiк және орташа алынған кiрiстiлiк көрсеткiштерi туралы ақпарат ай сайын жарияланады.