Меню

Страницы

Статья

Құрылыс және сәулет

Құрылыс жұмыстарының көлемі

2025 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі (НҚИ) 289,4 млрд теңгені (127%) құрады, оның ішінде: құрылыс-монтаждау жұмыстары (ҚМЖ) — 185,8 млрд теңге; күрделі жөндеу — 34,2 млрд теңге; ағымдағы жөндеу — 69,3 млрд теңге.

Бұл көрсеткіш негізінен тұрғын емес ғимараттар құрылысы — 57,2 млрд теңге (19,8%), жолдар мен автомагистральдар құрылысы — 65,6 млрд теңге (22,7%), сумен жабдықтау және кәріз жүйелеріне арналған құбыржолдар құрылысы — 54,8 млрд теңге (19,0%) есебінен орындалды.

2026 жылға арналған құрылыс жұмыстары көлемінің жоспары 306,0 млрд теңгені немесе 106,3%-ды құрайды.

«Тұрғын үйді пайдалануға беру»

Ағымдағы жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жалпы ауданы 166,1 мың шаршы метрді құрайтын 21 көпқабатты тұрғын үй салынуда, оның ішінде:

Петропавл қаласында жалпы ауданы 154,0 мың шаршы метр болатын 2 541 пәтерлік 19 коммерциялық үй, оның ішінде 713 пәтерге арналған жалпы ауданы 61,8 мың шаршы метрді құрайтын 8 коммерциялық көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді;

Петропавл қаласында ауданы 7,9 мың шаршы метр болатын 98 пәтерлік 1 бюджеттік үй;

Ғ. Мүсірепов атындағы ауданда ауданы 4,2 мың шаршы метр болатын 50 пәтерлік 1 бюджеттік көпқабатты тұрғын үй.

Анықтама ретінде:

Тұрғын үй салу жоспары — 340 мың шаршы метр, оның 116,6 мың шаршы метрі пайдалануға берілді:

Петропавл қаласы бойынша жоспар 215,0 мың шаршы метрді құрайды, оның 77,4 мың шаршы метрі пайдалануға берілді. Сонымен бірге, Петропавл қаласы бойынша 48,9 мың шаршы метр жеке тұрғын үй құрылысын (ЖТҚ) пайдалануға беру жоспарланған.

Облыс аудандары бойынша жоспар 125,0 мың шаршы метрді құрайды, оның 39,2 мың шаршы метрі (ЖТҚ) пайдалануға берілді.

«Халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету»

«Отбасы банк» арқылы іске асырылатын тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде бюджеттік пәтерлердің жалпы санының 70%-ы халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға қарастырылған.

Халықтың әлеуметтік осал санаттарындағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 2026 жылға 4,2 млрд теңге көзделген. Бұл қаражат 215 пәтер сатып алуға бағытталған.

Дата публикации
26 мая 2026
Дата обновления
25 сентября 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы